Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мобильді аударым емес, баланс толтыруды сұрайды": Қаржы министрлігі Қазақстандағы жаңа төлем схемасы туралы айтты

Опубликовано:

Телефон ұстап отырған әйел
Телефон ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаржы вице-министрі Ержан Бижановқа мобильді аударым орнына баланс толтыруды сұрайтын жаңа төлем "схемасы" тексеріле ме деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

"Мүмкін, бұл жаңа схемалардың бірі - мобильді баланс арқылы толтыру. Бірақ бұл уақытша құбылыс, шынын айтқанда, ыңғайсыз. Әрбір клиент ұялы телефонын Beeline немесе Kcell деп толтырып тұрса, бұл өте ыңғайсыз. Менің ойымша, жақында бұл тоқтайды (...) Егер осылай істейтін кәсіпкерлер болса, олар бұл тәжірибе ұзаққа бармайды, бұл уақытша", - деді қаржы вице-министрі Ержан Бижанов.

Оның айтуынша, балансты толтыру арқылы төлеу әдісі ұзаққа бармайды. Егер "схема" кеңінен таралатын болса, ол да тексеріледі, деді ол.

"Біз клиент ретінде ережелерді айтуымыз керек. Мен клиент ретінде, мысалы ешқашан баланс толтырмаймын, аударымдар жасамаймын, мен банк картасы арқылы төлем жасауды талап етемін. Өйткені банк картасы, QR арқылы төлесе, кэшбэк бар.

Бүгінгі таңда критерийлер 100 адамнан ай сайын 100 аударым жасау – мен дүкенде кәсіпкер әр адамға ұялы телефон нөміріне ақша аударуды сұрайтынын елестете алмаймын.

Бірақ кез келген жағдайда, қандай да бір схема бар болса, оны қарастырамыз. Ұялы байланыс операторлары арқылы төлем жасау кеңінен таралса, бұндай жағдайда бақылауды жүзеге асыра аламыз", - деді Бижанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058504-mobildi-audarym-emes-balans-toltyrudy-suraidy-qarzy-ministrligi-qazaqstandagy-zana-tolem-sxemasyn-teksere-me/

pixel