Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мобильді аударым көп түскен балалардың шоты тексеріле ме

Опубликовано:

Телефон қарап отырған оқушылар
Телефон қарап отырған оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігінің өкілдері балалардың картасына жиі түскен мобильді аударымдарды салық органдары тексере ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Бұл жағдайда аударым мәселесін екінші деңгейлі банктер шешеді. Ал шектен тыс аударым жасалғаны туралы ақпарат бізге келіп түссе, онда бақылауға аламыз. Менің білуімше, заң бойынша балаларға мүлікке иелік етуге шектеу жоқ, ал кәсіпкерлік бойынша бұл мәселе ашық күйде қалып отыр", - деп жауап берді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов.

Оның айтуынша, әр жағдай бойынша мәселе жеке қаралады.

Сондай-ақ Қаржы министрлігінің өкілдері қазақстандықтардың барлық мобильді аударымы тексермейтінін еске салды. Олардың сөзінше, тек 3 ай ішінде шотына 100-ден астам адамнан аударым түсетін тұлғалар ғана тексеріледі. Бұл тұлғалар заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысады деген болжам жасауға негіз болады, дейді олар.

Одан бөлек, Қаржы министрлігіндегілер 2025 жылға қарай салық органдарында қазақстандықтардың аударымдары туралы деректер болатынын, бұл олардың көлеңкелі бизнеспен айналысып жатқанын бағалауға мүмкіндік беретінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058521-qazaqstanda-mobildi-audarymdar-kop-tusken-balalardyn-soty-tekserile-me/

pixel