Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кәсіпкерлерге түсетін салық ауыртпалығы қандай

Опубликовано:

ақша есептеп отырған адам
Ақша есептеп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Салық салу мемлекеттік бюджетке ғана емес, ел экономикасы үшін де маңызды: жағдай жасалса, бизнес дамиды, ал жағдай жасалмаса, адамдардың елімізде бизнеспен айналысуға деген ынтасы азаяды. Жеке кәсіпкерлер төлеуге міндетті салық көлемі қандай? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Бизнес табысының қанша бөлігі салық төлеуге жұмсалатынын білу үшін NUR.KZ тілшілері Uchet.kz сарапшыларына жүгінді. Олар Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығымен бірлесіп, Алматы облысында дүкендердегі орташа көрсеткіштерді мысалға ала отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеке кәсіпкерлерге (ЖК) салынатын салық жүктемесін талдаған.

Талдауда бөлшек саудадағы режимдер, салықтың жеңілдетілген және жалпыға бірдей белгіленген тәртібі салыстырылған. Осылайша оның қаржылық жағдайға және бизнестің жалпы тиімділігіне әсері анықталған.

Сарапшылар қандай бизнес түрін мысалға келтірген

Дереккөз ақпараты бойынша, Алматы облысындағы тұрғын аудандардың бірінде коммуналдық қызметтерді (электр энергиясы, жылу және т.б.) төлеу шартымен жалға алынған үй маңындағы кәдімгі бөлшек сауда дүкеніне талдау жасалған.

Дүкен жұмысының негізгі экономикалық параметрлері мынадай:

  • үстеме баға – орташа алғанда 15 пайыз деңгейінде белгіленген, бұл мұндай дүкендер үшін стандартты тәжірибе әрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тауарлық үстеменің рұқсат етілген шегі болып саналады; екі қызметкердің еңбекақасын төлеуге жұмсалатын тұрақты шығындар (сатушы, есепші) – жеке кәсіпкерлер қызметкерлерге жалақыны ең төменгі шектерде белгілейді (2024 жылғы ең төменгі жалақы 85 мың теңге).
  • екі қызметкердің (сатушы, есепші) еңбегіне ақы төлеу бойынша тұрақты шығындар – жеке кәсіпкерлердің басым бөлігі қызметкерлерге ең төменгі жалақы деңгейінде еңбекақы төлейді (2024 жылы бұл көрсеткіш – 85 мың теңге).

Зерттеу үшін таңдалған жеке кәсіпкер ҚҚС төлеуші болып саналмайды. Ал оның орташа тәуліктік айналымы 200 мың теңгеге жетеді. Жеке кәсіпкердің дүкенді жалға алу шығыны – айына 50 мың теңге, ал коммуналдық қызметтерге кететін шығын – 70 мың теңге.

Сондай-ақ эквайрингке (төлемдерге алынатын банктік комиссия) кететін шығын мөлшері – айына 80 мың теңге, оған қоса заңға сәйкес, әр ЖК-да төлем деректерін жолдау функциясы бар кассалық аппарат болуы шарт, сондықтан жеке кәсіпкер фискалды деректер операторына (ФДО) айына тағы 1500 теңге төлеуі керек.

"Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық төлемнің шамамен 67 пайызы төлем карточкалары арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңына сәйкес, жеке кәсіпкерлер тауарларға төлем терминалдарын пайдалана отырып, төлем карточкалары арқылы төлем қабылдауға міндетті.

Осыған байланысты эквайрингке кететін шығынды, яғни дүкенде қабылданатын төлем карталарына көрсетілетін қызмет үшін банктік комиссияларға кететін шығындарды ескеру қажет. Комиссия мөлшері – әр транзакцияның 1 пайызынан 3 пайызына дейін. Бірақ талдау үшін орташа көрсеткіш – 2 пайызды алайық", – деді "Учет" компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев.

Салық түрлері

Жеке кәсіпкерлердің түрлі салыққа жұмсайтын болжамды шығынын анықтау үшін сарапшылар аталған жеке кәсіпкерге бірнеше салық түрін қолданып көрді:

  • жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимі (АСР) – жеке кәсіпкерлер үшін тиімділігімен, төмен салық мөлшерлемесімен (кірістің тек 3 пайызы) тартымды, оған қоса қаржылық есеп (бухгалтерлік баланс, табыс пен шығындар жайлы есеп) жасаудың қажеті жоқ;
  • бөлшек сауда салығының арнайы салық режимі – салық кезеңінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды әрі күнтізбелік жылдағы табысы 600 мың АЕК-ке дейін (2024 жылы бұл көрсеткіш – 2, 215 млрд теңге) болған жағдайда салынады. Салық төлеуші әлеуметтік салық (ӘҚ) пен ҚҚС төлеуден босатылады, ал салық мөлшерлемесі жеке тұлғаларға тауар сатылған жағдайда табыстың тек 4 пайызына тең, сондай-ақ заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге тауар сатылған жағдайда бұл көрсеткіш 8 пайызға жетеді. Бірақ оның мөлшері жергілікті өкілді органдардың шешімімен тек 50 пайызға азаюы мүмкін;
  • жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі – тоқсан сайын әлеуметтік салық, МЗЖ және әлеуметтік аударымдар, ЖК ай сайын өз пайдасына төлейтін және барлық жұмыс берушілер үшін жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелетін жалдамалы қызметкерлер (МЗЖ, ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС және ЖСҚ) бойынша 200.00 нысаны бойынша есеп ұсынылады. Бұл ретте жеке кәсіпкерлерге салынатын табыс салығының мөлшерлемесі табыс пен шығыс арасындағы айырманың 10 пайызына тең болуы керек.

Бизнес салық төлеуге қанша қаржы жұмсайды

Жеке кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жеке табыс салығы мен шығын айырмасынан 10 пайызын ((кіріс-шығыс) х 10 пайыз) төлегендіктен, бір жыл ішінде салық сомасы 354 560 теңгеге жеткен.

Бұл 3 пайыздық мөлшерлемесі бар (2 160 000 мың, яғни 6 есеге көп) жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимімен салыстырғанда әрі 4 пайыздық мөлшерлемесі бар бөлшек сауда салығы бойынша арнайы салық режимімен (2 798 400 теңге, бұл 7-8 есеге көп) салыстырғанда әлдеқайда тиімдірек.

Сондай-ақ зерттеу дерегіне сүйенсек, жеке кәсіпкердің салықты жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен төлегеннен кейінгі ай сайынғы табысы – 427 844 теңгеге тең, бұл "жеңілдетілген" салық төлеуден кейінгі табыс көрсеткішінен 1,5 есеге артық (барлығы 268 200 теңге).

"Бұдан бөлек сатып алушылар көбіне қолма-қол ақшамен әрі мобильді аударымдармен төлем жасап, сатушылардан фискалды түбіртекті талап етпеген жағдайда, кейбір жосықсыз кәсіпкерлердің салық салынатын кірісті анықтау кезінде сомаларды "кемітіп көрсетуіне" әкеп соқтырған жағдайлар да болды", – деп атап өтті Максим Барышев.

Зерттеу қорытындысы бойынша, жеке кәсіпкер жылына салықтар мен әлеуметтік төлемдерге:

  • жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимін қолданған кезде – 2 547 600 теңге;
  • бөлшек сауда салығының арнайы салық режимін қолданған кезде – 1 786 800 теңге;
  • жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданған кезде – 812 275 теңге жұмсайды екен.

Осылайша жеке кәсіпкер жеңілдетілген салық түрін төлесе, бір жыл ішінде 7 581 600 теңгеге шығындалады. Бөлшек сауда салығының арнайы салық режимін қолданған жағдайда бұл сома 6 820 800 теңгеге, ал жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін пайдаланған кезде – 5 846 275 теңгеге шығынға ұшырайды.

"Жеке кәсіпкердің кірісі жылына 6 000 000 теңгеге тең болса, онда ол шығынға ұшырап, мүлде табыс таппайды.

Сәйкесінше, жеке кәсіпкер бизнестің айналымына қаражатты қайдан аларын білмей, болашақта несие алуға мәжбүр болуы мүмкін, бірақ бұл оның жағдайын одан әрі қиындатуы ықтимал. Ақыры бизнес жабылып тынады.

Қазіргі таңда шын мәнінде шағын бизнеске, оның ішінде бөлшек саудаға салық салу жүйесін қайта қарау қажет", – деп қорытындылады "Учет" компаниялар тобының негізін қалаушы Максим Барышев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058617-qazaqstanda-kasipkerlerge-tusetin-salyq-auyrtpalygy-qandai/

pixel