Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қанша бала Ұлттық қордан ақша алды

Опубликовано:

Ақша санап отырған қыз бала
Ақша санап отырған қыз бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

БЖЗҚ өкілдері Қазақстанда 6,9 миллионнан астам бала Ұлттық қордан әрқайсысына 100 доллар 52 цент ақша алғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

1 ақпанда Қазақстан азаматы болып саналатын барлық бала үшін Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға алғашқы қаражат түсті. Қор өкілдерінің айтуынша, бағдарламаға 6 919 131 бала қатысты. Олардың барлығына бірдей 100 доллар 52 цент түскен.

Бұл алғашқы түскен қаражат, Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кірістің түсуіне байланысты жыл сайын түсетін ақша сомасында өзгеріс болады.

Бұл ретте жинақталған қаражат Ұлттық қор активтерінің бөлігі ретінде инвестицияланады және бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс болып саналады.

Сондай-ақ биыл 18 жасқа толатын 304 815 бала БЖЗҚ-дағы мақсатты жинақ шоттарына көрсетілген соманы алды. Олар кәмелетке толған бойда мақсатты жинақтарын тұрғын үй немесе білім алу үшін пайдалану құқығына ие болады.

БЖЗҚ балалар туралы барлық ақпаратты "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2060516-qazaqstanda-qansa-bala-ulttyq-qordan-aqsa-aldy/

pixel