Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүлдем жетпейді": депутат Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарауды ұсынды

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Отырыста Асхат Аймағамбетов ең төменгі күнкөріс деңгейін өзгерту қажеттігін айтты.

"Біз жиі ең төменгі жалақыға назар аударамыз, бұл - өте маңызды. Ең төменгі жалақы мөлшері мемлекет басшысының қолдауының арқасында айтарлықтай өсті. Менің ойымша, жаңа әдістің пайда болуына байланысты тағы ең төменгі жалақы мөлшері де өзгереді", - деді ол.

Оның айтуынша, ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау қажет, өйткені көптеген төлемнің мөлшері соған байланысты.

"Біз осы мәселені қозғағымыз келеді. Көптеген төлем ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты өседі, сондықтан оның мөлшері туралы ойлану керек шығар.

Мүгедектік бойынша жәрдемақылар және азаматтардың басқа да қорғалатын санаттарды айтатын болсақ. Мәселен бірінші топтағы мүгедек санатындағы адамдар 90 мың теңгедей алады. Бұл бүгінгі таңда күнкөріс үшін мүлдем жетпейді.

Біз экономика мен бюджет кірісіне байланысты есеп беруіміз керек. Соған қарамастан, бұл бағытта бірлесе жұмыс істеу керек деп ойлаймын", - деді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2060791-muldem-zetpeidi-deputat-qazaqstanda-en-tomengi-kunkoris-dengeiin-qaita-qaraudy-usyndy/