Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік QIWI лицензиясынан айырылды: қазақстандықтарға қандай әсері бар

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресей банкі "Киви банктің" лицензиясын қайтарып алды. Бірақ бұл қазақстандықтарға еш әсер етпейді, себебі QIWI Қазақстан ресейлік әріптесінен тәуелсіз жұмыс істейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2024 жылдың 21 ақпанында Ресей Банкі "КИВИ Банк" несие ұйымының банк операцияларын жүзеге асыру лицензиясын қайтарып алды. Ресей Орталық банкі атап өткендей, бұған компанияның түрлі заң талаптарын жүйелі түрде бұзуы себеп болған.

Енді ресейлік сервисті пайдаланушылар қаражатты пайдалану мен алуда әртүрлі шектеуге тап болуы мүмкін. Алайда, QIWI Қазақстан өкілдерінің хабарына қарағанда, мұның қазақстандықтарға қатысы жоқ – теңгедегі барлық шот жұмыс істеп тұр.

"Жақында QIWI өз бизнесін ресейлік және халықаралық деп бөлді. QIWI Kazakhstan – QIWI PLC халықаралық бизнесінің бір бөлігі және компания жаһандық стратегия аясында дамиды.

"КИВИ Банк" – серіктестеріміздің бірі. Дәл қазір сіздерде көптеген сұрақ бар екенін түсінеміз. Біз жағдайды қарастырып жатырмыз және қалай әрекет ету керегі туралы ақпарат болған кезде хабарлаймыз. Біз барлық қызметімізді қалыпты жұмыс режиміне қайтару үшін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық мүдделі тарапқа әрі қарайғы әрекеттер туралы дереу хабардар етеміз", - деді QIWI Kazakhstan өкілдері өз клиенттеріне.

Айта кетейік, "КИВИ Банк" – Ресейдегі депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы, сондықтан салым сомасы салымшыларға қайтарылады. Қазақстанда QIWI банк емес, бұл ұйымдағы ақшаны Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) сақтандырмайды.

QIWI — 17,2 миллионнан астам виртуалды әмиян, 181 000-нан астам терминал, оның ішінде Қазақстан бойынша 30 000-нан астам төлем қабылдау пункттерін қоса алғанда, біріктірілген төлем желісі бар төлем қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2062351-reseilik-qiwi-licenziyasynan-aiyryldy-qazaqstandyqtarga-qandai-aseri-bar/

pixel