Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Самұрық-Қазына" өкілі Qazaq Air-ді сату әрекеті неге сәтсіз болғанын түсіндірді

Опубликовано:

Судно Qazaq Air
Фото: facebook.com/QazaqAir

"Самұрық-Қазына" дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан сенаттың кулуарында Qazaq Air-дың сату әрекеттері неліктен сәтсіз аяқталғанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Салтанат Сәтжан Qazaq Air-ді 2023 жылы ашық екі сатылы тендер арқылы сату жоспарланғанын еске салды.

"Өкінішке қарай, бірінші байқауда ұсыныстар болған жоқ. Сондықтан біз екінші конкурс жарияладық. Өкінішке қарай, екінші байқау да сәтсіз аяқталды", - деді ол.

Спикер қазақстандық және шетелдік инвесторлар тарапынан Qazaq Air-ге деген қызығушылық болғанын айтты.

"Оның құны 10 млрд теңге, Qazaq Air Ұлттық қордан 38 млн теңге қарызы бар. Бұл қарызды инвестор төлеуі керек. Бұл шарттарға инвестор табылған жоқ. Қазір біз Qazaq Air-ді қалай жекешелендіру керегін ойластырып жатырмыз. Инвесторлар ақпан айының соңына дейін өз ұсыныстарын жасай алады. Егер олар ұсыныс жасаса, біз қайта қарап, сатылымға шығарамыз", - деп түйіндеді Салтанат Сәтжан.

Еске салайық, былтырғы тамызда Qazaq Air әуекомпаниясы жекешелендіруге шығарылатыны белгілі болған – сол кезде "Самұрық-Қазына" қоры компания акциялары сатылатынын хабарлады. Акциялардың бастапқы және ең төменгі бағасы 10 млрд 200 млн теңге болды.

Алайда қарашада байқау өткізілмеді деп танылды. Желтоқсан айында әуекомпанияны жеке қолға беру Үкімет отырысында тағы бір рет талқыланды. Осы жылдың қаңтар айында "Самұрық-Қазына" Qazaq Air әуекомпаниясының акцияларын сату бойынша конкурс басталғанын тағы да жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2062511-samuryq-qazyna-okili-qazaq-air-di-saudasy-nege-satsiz-bolganyn-tusindirdi/

pixel