Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басында жұрт қолма-қол ақшаға жүгірді": Ұлттық банк мобильді аударым азайғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдері басқарма төрағасы Тимур Сүлейменовтен Қазақстанда мобильді аударымдар мониторингі жарияланғаннан кейін оның көлемі қаншаға азайғанын сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қаңтарда мұндай төлемдер шамамен 30 пайызға қысқарды, тіпті кейбір нүктелерде қолма-қол валютаны нығайтуды көбейтуге тура келді, өйткені жұрт басында қолма-қол ақшаға жүгірді.

Мемлекеттік кірістер комитетінен түсініктемелері мен консультацияларынан кейін жағдай тұрақталды, алдағы уақытта да тыныш болады деп ойлаймын, өйткені ол жерде қорқынышты ештеңе жоқ. Қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз", - деді Сүлейменов.

Жақында қаржы министрі Мәди Тәкиев елімізде мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2062690-basynda-zurt-qolma-qol-aqsaga-zugirdi-ulttyq-bank-mobildi-audarym-azaiganyn-malimdedi/

pixel