Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бөліп төлеу арқылы сатып алу неліктен тиімді

Опубликовано:

Қазақстанда бөліп төлеу арқылы сатып алу неліктен тиімді
Көрнекі фото: depositphotos.com

Тауарларды немесе қызметтерді бөліп төлеуге сатып алу қоғамда несие деп жиі қате қабылданып жатады. Алайда бұл құралдардың жөні бөлек. Пайызсыз бөліп төлеу дұрыс қолданылса, тиімді шешім бола алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстандықтар түрлі тауар мен қызметті бөліп төлеу арқылы ресімдеп жатады: киім мен гаджеттерден туристік жолдамаға дейін.

Мұндай құрал сатып алушының табысына қаржылай ауыртпалықты төмендетуге көмектеседі. Осылайша ол сауданы онлайн-маркетплейстерде жүргізетін кәсіпкерлерге де жаңа мүмкіндік береді.

Сатып алушыға пайдасы неде

Бөліп төлеудің негізгі пайдаларының бірі – тауар құнын ұзақ уақыт мерзіміне бөліп алу мүмкіндігі. Бұл сатып алушыға бір ірі төлеммен бюджетіне ауыртпалық түсірмей, қаражатын оңтайлы басқаруға мүмкіндік береді.

Алайда бөліп төлеу мүмкіндігін әдетте қаражаты жеткілікті, бірақ оны жаратқысы келмейтін қазақстандықтар да қолданады.

Мысалы киім-кешекке немесе гаджетке бірден 100 мың теңге жұмсамай, оны 3 айға бөліп төлеуге ресімдеп, 33 мың теңгеден төлеп отыруға болады. Ал егер бөліп төлеу мерзімі бұдан ұзақ болса (6, 12 немесе 24 ай), онда төлем де азайып, ай сайынғы табыстың қалған бөлігін басқа мақсаттарға жұмсауға еркіндік береді.

Сондай-ақ бөліп төлеу қымбат тауарларды алуда таптырмас әдіс болмақ – жасайтын саудаңыз шұғыл болса (мысалы тоңазытқыш бұзылса), ұзақ уақыт ақша жинамай-ақ алуға болады. Сонда қазақстандықтар тауарды бірден қолдана алады, ал құнын ай сайын аздап төлеп отыра алады.

Ал әдеттегі несиеге тауар алатын нұсқаға қарағанда, бұл жағдайда сатып алушы артық үстемеақы төлемейді, себебі бөліп төлеу кезінде сыйақы болмайды: 100 мың теңге құны бар тауарға артық төлемсіз 100 мың теңге төлеу қажет.

Бастысы – ай сайынғы салым сомасы мен өз қаржылай мүмкіндігіңізді дұрыс есептеп алуыңыз.

Тағы бір айта кетерлігі, бөліп төлеу кәсіпкерлердің өзіне де маңызды рөл атқарады.

Бизнеске таптырмас құрал

Бөліп төлеу жолымен сату сатылымның өсуіне ықпал етеді: мұндай ұсыныс бірден көп ақша жұмсағысы келмейтін сатып алушыларды көбірек тартып, сатып алуға қызығушылығын оята алады.

Бұл сатушыларға қаржылық айналымды арттыруға мүмкіндік береді: себебі бөліп төлеу кезінде тауарға ақша алады, ал сатып алушы төлемдерді банкке құяды. Сондықтан кәсіпкер тезірек кіріс алады, соның арқасында ол өз клиенттік базасын кеңейте алады, тіпті жұмыс орындарын құра отырып, жаңа жұмысшыларды жалдай алады.

Сонымен бірге бұл құралдың экономикаға да тигізер пайдасы бар: бизнес қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесі арқылы төлем алады, яғни бұл кіріс ресми болады. Нәтижесінде бұл салық төлеу мәселелерінде ашықтықты қамтамасыз етеді және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтады.

Өз кезегінде салықтарды төлеу халықтың өзі үшін өмір сүру жағдайларын жақсарта отырып, түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды тиімдірек қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Оның үстіне егер электронды чек болса, сатып алушының өзі де қорғалады – сіз ақауы бар өнімді ауыстыруға немесе сатып алудан бас тартуға және ақшаны қайтаруға тезірек қол жеткізе аласыз.

Жалпы алғанда тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алу сатып алушы үшін де, сатушы үшін де тиімді. Бұл төлем әдісі тауарлардың қолжетімділігін кеңейтуге, сатылым көлемін ұлғайтуға және екі тарап үшін де қолайлы тәжірибе жасауға ықпалын жасайды.

Егер сатып алушы өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есептемесе, тәуекелдер туындауы мүмкін. Сондықтан бөліп төлеу сіздің кірістеріңіз бен шығындарыңыздың деңгейін ескере отырып қолданылуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2062785-qazaqstanda-bolip-toleu-arqyly-satyp-alu-nelikten-tiimdi/

pixel