Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 мың теңгелік ескі банкноталарды қашанға дейін өткізе аламыз: Ұлттық банк жауабы

Опубликовано:

Жаңа 5 мың теңгелік банкнот
Жаңа 5 мың теңгелік банкнот. Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк қорларды талдау және жоспарлау басқармасының бастығы Серікжан Майданов жаңа банкноталар айналымда пайда болу мерзімдерін атады. Бұл туралы Ұлттық банк сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сайттағы мәліметке қарағанда, Қазақстан Ұлттық банкі жаңа "Сақ стилі" сериясының банкноталары бірнеше жыл ішінде біртіндеп айналымға шығатынын еске салған.

Дегенмен ескі және жаңа банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі белгіленіп отыр. Бұл стандартты түрде - 1 жыл, бірақ Ұлттық банк бұл мерзімді ұзартуға құқылы.

"Айналымда қатар жүретін кезең аяқталған соң барлық банк пен Қазпошта ескі үлгідегі банкноталарды тағы 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастайды. Ал Ұлттық банктің филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды мерзімсіз қабылдай береді", - делінген хабарда.

Еске салайық, "Сақ стилі" жаңа сериясымен жаңартылған номиналы 5 000 теңгелік банкноталар айналымға 2023 жылы 25 желтоқсанда шығарылған еді. Ал 2024 жылдың жаз мезгілінде номиналы 10 000 теңгелік банкноталар шыға бастайды.

Номиналы 5 000 теңгелік банкноталар 2024 жылдың наурыз айында жаппай айналымға түседі, себебі тиісті жабдықтарды (банкомат, терминал және тағы басқасы) бейімдеп, елдің барлық өңіріне жеткізу үшін белгілі бір уақыт қажет.

Жалпы, осы серия аясында 2025 жылдың соңына дейін жаңа сериядағы банкноталардың барлық номиналдарын айналымға кезең-кезеңімен шығару жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 12 маусымынан бастап Қазақстанда 2006 жылдан бастап және одан кейін шығарылған барлық банкноталарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңі жұмыс істейді.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2063420-saq-stilindegi-zana-banknotalardy-qasan-koremiz-ulttyq-bank-zauaby/

pixel