Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Visa мен Halyk Bank қазақстандық кәсіпкер әйелдерді қолдайды

Жарияланған күні:

"She’s Next" жобасы
Фото: Visa Казахстан

Visa мен Halyk Bank She’s Next жаһандық бастамасының аясында қазақстандық кәсіпкер әйелдерді қолдайды. Өтінім қабылдау 1 наурыздан басталады, ал жоба жеңімпаздары бизнесін дөңгелетіп әкетуге ақшалай жүлде алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге, оны төрт жеңімпаз алады. Айта кетейік, бұл – 2021 жылы басталған жобаның үшінші толқыны.

Қалай қатысуға болады?

She’s Next бастамасы әйелдердің кәсібін қолдауға және дамытуға бағытталған. Оған ісін жаңадан бастаған кәсіпкер де, тұрғылықты жеріне қарамастан, жұмыс істеп тұрған бизнесі бар адамдар да қатыса алады.

Ол үшін She’s Next платформасында тіркеліп, тренингтер мен сынақтардан өтіп, содан кейін сарапшылардың бағалауына ұсынылатын бизнес-жоспарын жасау керек.

She’s Next Day кезеңдері – таныстықтан финалға дейін

Жобаның іс-шаралары Қазақстанның сегіз қаласында 5 наурыздан 13 маусымға дейін – Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында өтетін She’s Next Day-ден басталады. Онда қатысушылар шақырылған сарапшылармен танысып, білім ала алады.

Сонымен қатар білім беру бағдарламасы 14-28 маусым аралығында She’s Next ресми парақшасында онлайн түрде өтеді, мұнда дәрістер жобаға қатысушының бәріне бірдей қолжетімді болады.

Оқу аяқталғаннан кейін кәсіпкерлер білімін тестілеу арқылы тексере алады, ал сосын – 29 маусымнан 10 шілдеге дейін өз бизнес-жоспарларын жібере алады, кейін олар іріктеу кезеңіне өтеді.

Айта кетейік, оқудан және тестілеуден сәтті өткен, сондай-ақ білім беру сертификатын алған барлық қатысушы Halyk-тан 8% мөлшерлемемен 20 млн теңгеге дейін жеңілдігі бар қаржыландыруға ие бола алады.

22-26 шілде аралығында дауыс беру өтеді – әр санаттан алты финалист таңдалады, содан кейін дауыс беру өтеді, оның қорытындысы бойынша екі қатысушы "Халық таңдауы" номинациясы бойынша үш миллион теңгеге грант алады.

Осы номинация бойынша жеңімпаздар Halyk-тан 30 млн теңгеге дейін 8% мөлшерлеме жеңілдігімен қаржыландыру ала алады.

She’s Next Pitch Day финалына қазылар алқасының мүшелеріне өз жобасын ұсынатын қатысушылар жиналады, одан екі жеңімпаз таңдалады, олардың әрқайсы бизнесті дамытуға жеті миллион теңге алып, марапатталады. Сондай-ақ Halyk-тан "Бастаушы бизнес" санатында 8% мөлшерлемемен 40 млн теңгеге дейін және "Қолданыстағы бизнес" санатында дәл сондай мөлшерлемемен 50 млн теңгеге дейін жеңілдікпен қаржыландыру алу мүмкіндігіне ие болады.

Сарапшылар: Кәсіпте әйелдердің саны артып келеді

Айта кетейік, She’s Next бастамасын ASMAR Қазақстанның Ұлттық кәсіпкер әйелдерінің ұлттық қауымдастығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі де қолдады. Ұлттық экономика министрінің әйелдер кәсіпкерлігі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Ләззат Рамазанованың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артып келеді.

"Бұл ретте әйелдер ШОБ субъектілерінің 43,5%-ын басқарады. Visa және Halyk Bank-пен серіктестік ШОБ-тың табысты дамуы мен болашақты қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға деген ұмтылысты көрсетіп отыр, мұнда әйелдер кәсіпкерлігі экономикалық прогрестің негізгі қозғалтқышына айналады", - деді Ләззат Рамазанова.

Оның бұл сөзімен Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова да келіседі, ол әйелдердің бизнесте батыл әрі сенімді түрде дамып жатқанын атап өтті.

"Мысалы банктің кредиттік портфеліндегі әйелдер мен ерлер үлесі тиісінше 51% және 49%. Біздің байқауымыз бойынша, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кәсіпкер әйелдер белсенді. She’s Next бастамасының алдыңғы бағдарламаларына қатысушылар негізінен ірі қалалардың тұрғындары болды", - деді Үміт Шаяхметова.

Ол биыл бұл бастама еліміздің басқа өңірлерінен келген кәсіпкерлерді де қамтитынын, бұл қалалар мен облыстардан келген кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға және жаңғыртуға мүмкіндік беретінін айтты, өйткені бұл – жобаның бірінші кезектегі міндеті.

Қатысушылар саны жыл сайын артып келеді

Айта кетейік, 2021 жылы She’s Next-тің бірінші толқынына Орталық Азияның бес елінен 2500 әйел қатысты. 2022 жылы қатысуға ниет білдірушілер саны 7000 адамға дейін өсті. Олардың үшеуі бизнесті дамытуға грант алды.

Сондай-ақ "Бизнес-көшбасшылық" марафонынан өткен қатысушылар Halyk Bank-тен төмен мөлшерлемемен жеңілдігі бар несиелер ала алды.

Биыл ұйымдастырушылар қазақстандықтар арасында бұдан да көп қатысушы болады деген ниетте.

"Білім беру бағдарламасы әрбір әйелге өз ісін ашу және дамыту үшін білім мен дағдылар жиынтығын беретіндей арнайы әзірленеді. Бастаманың жаңа толқыны аясында біз аса дарынды көшбасшыларды таба алатынымызға сенімдімін", - деп қорытындылады Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa аға вице-президенті Кристина Дорош.

*Бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операцияларды және қызметті жүргізуге Лицензия № 1.2.47/230/38/1 2023 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2063637-visa-men-halyk-bank-qazaqstandyq-kasipker-aielderdi-qoldaidy/