Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаяу жүргіншіге көлік салығы салынса не істеу керек

Опубликовано:

Жүргізуші
Көлік жүргізуші. Көрнекі фото: pixabay.com

Көлік иелерінің барлығы көлік салығын төлеуге тиіс. Бірақ кейде көлік салығы тіпті көлігі жоқ адамдарға салынуы мүмкін. Бұл жағдайда қате кеткені туралы дәлел ұсынылуы қажет. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

1 сәуірге дейін қазақстандық көлік иелерінің барлығы көлік салығын төлеуге тиіс. Алайда кейде жүйеде ақау болып, көлік салығын есептеу кезінде қателік кетуі мүмкін.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша, егер көлігі жоқ адамға көлік салығын төлеу туралы хабарлама келсе, онда қазақстандық азамат салықты төлеудің орнына салық органдары тарапынан қателік кеткенін дәлелдейтін дәйеккөздерді ұсынуы керек.

"Адам автокөлігі болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органнан жекеменшігінде көлік құралы жоғы туралы анықтамасын алып, оны тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынуы қажет", – деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, көлік салығы нақты көлік құралын пайдаланып жүрген мерзім үшін ғана төленуге тиіс. Бұл тіпті тіркелген, бірақ қандай да бір себептермен көлігін пайдаланбаған автокөлік жүргізушілеріне де қатысты. Мысалы көлік бұзылып қалуы ықтимал. Бұл жағдайда адам көлігін пайдаланбаған уақыт аралығы үшін көлік салығын төлемеуге құқылы.

Еске салайық, көлік салығы айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты. 2024 жылы АЕК мөлшері артқанымен, темір тұлпар иелері салықты 2023 жылы қолданыста болған АЕК бойынша төлей алады.

Сондай-ақ бұған дейін кімге көлік салығын төлемеуге болатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2064597-zayau-zurginsige-kolik-salygy-salynsa-ne-isteu-kerek/

pixel