Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда шынайы жалақы мөлшері ЕАЭО-дағы өзге елдермен салыстырғанда артта қалып отыр

Опубликовано:

Ақша ұстаған ер адам
Ақша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2023 жылы шынайы жалақы мөлшері ЕАЭО-ға мүше барлық елде өскен, бірақ Қазақстанда бұл көрсеткіш ең төмен екені анықталды – небәрі 2,3 пайызға өсім тіркелген. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанда орташа айлық жалақы тұрақты өсіп жатыр. Мысалы, 2023 жылдың төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш 400 мың теңгеге жеткен, бұл жалпы рекордтық көрсеткіш. Алайда шынтуайтында жалақы мөлшерінің өсімі айтарлықтай жақсы деуге келмейді.

Мәселен, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда шынайы жалақы инфляцияны есепке алғанда мүлдем өспей отыр.

Қаңтар-желтоқсан аралығында республика бойынша орташа айлық жалақы 360 765 мың теңге болған. Бір жыл ішінде номиналды көрсеткіш бірден 17,1 пайызға өсті, бұл Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше өзге елдердің ішінде ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Алайда 2023 жылы инфляция орташа есеппен 14,5 пайызға жеткенін ескерсек, нақты орташа жалақы мөлшері небәрі 2,3 пайызға өскен – бұл ЕАЭО елдерінің арасында ең төмен көрсеткіш.

ЕАЭО-ға мүше өзге елдерде теңгемен есептегенде нақты жалақы мөлшері әжептеуір өскен:

  • Арменияда шынайы орташа жалақы мөлшері – 12,4 пайызға өсіп, 306 811 теңгеге жеткен;
  • Беларусьте – 11,0 пайызға өсіп, 288 227 теңгеге дейін жетті;
  • Қырғызстанда – 8,6 пайызға, яғни 175 042 теңгеге дейін өскен;
  • Ресейде – 7,8 пайызға өсіп, 387 942 теңгеге дейін жеткен.

Аталған көрсеткіштер аз болып көрінгенімен, бұның өзі оң фактор екенін есте ұстаған жөн.

Өйткені 2023 жылдың басында шынайы жалақы мөлшері нарықтағы баға өсіміне ілесе алмай, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасы тым жоғары болған. Бұл азаматтардың қаржылық жағдайы нашарлауына әкеп соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2064800-qazaqstanda-synaiy-zalaqy-molseri-eaeo-dagy-ozge-eldermen-salystyrganda-artta-qalyp-otyr/

pixel