Қазақстанда тұтынушылық несиенің пайыз мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәжіліс отырысында депутат Олжас Құспеков Қазақстандағы тұтыну несиелері мен олардың жоғары мөлшерлемесі туралы мәселені көтерді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысы Мәдина Әбілқасымова алдағы уақытта мөлшерлеме төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Депутаттар тұтынушылық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді ұсынды. Қазіргі таңда мөлшерлеме деңгейі уәкілетті органның, яғни Агенттіктің нормативтік қаулысымен белгіленеді. Бүгінде банктер мен микроқаржы ұйымдарының тұтынушылық несиелері бойынша мөлшерлеме - 56 пайыз, шағын несие бойынша жылдық мөлшерлеме шамамен 311 пайыз, ал тиімді мөлшерлеме - 1300 пайыз", - деді бүгін мәжіліс депутаты Олжас Құспеков.
Ол жылдық тиімді мөлшерлемені төмендету қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтатынын айтты.
"Депутаттар пікірін айтып, бұл мәселе бойынша ортақ шешімге келді. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, бірлескен өкімі арқылы олардың мөлшерлемесі бойынша тұтынушылық несиелер стандартын белгілеу - банк мөлшерлемелерін 56 пайыздан 42 пайызға төмендету ұсынылды. Ал МҚҰ мөлшерлемесін 56 пайыздан 50 пайызға дейін төмендету ұсынылып отыр. Бұл ұсынысты үкімет пысықтап жатыр", - деді депутат.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысы Мәдина Әбілқасымова да мөлшерлемені төмендету керек деген пікірде.
"Біз бұл мәселені жұмыс тобында талқыладық және әрине, банктік несиелер мен микрокредиттер олар үшін жылдық тиімді мөлшерлемені төмендету қажет. Заң жобасы қабылданғаннан кейін біз, агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп осындай шешім шығарамыз", - деп жауап берді агенттік басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2064838-qazaqstanda-tutynusylyq-nesienin-paiyz-molserlemesi-tomendeui-mumkin/