Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мобильді аударымдар неге 255 мың теңгеден асқанда тексеріледі: қаржы вице-министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Телефон ұстап отырған әйел
Телефон ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: fizkes/Getty Images

Бүгін мәжіліс кулуарында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 255 мың теңге және одан көп сома болғанда мобильді аударымдар не үшін бақылауға алынатынын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ержан Біржанов салық органдары қандай аударымдарды тексеретінін айтты.

"Біріншіден, аударым саны. Егер ол жеке кәсіпкер болса және аударым саны 100-ден асса, бірінші белгі. Екінші көрсеткіш - үш ай қатарынан (қаңтар, ақпан, наурыз) 100 аударымнан көп түсетін болса; ал үшінші белгі – үш айдағы бұл сома 255 мың теңгеден асса, тексеріледі", - деді ол.

Шенеунік неліктен дәл осы сома тексерілетінін түсіндірді.

"Неге 255 мың теңге екенін түсіндірсем, бүгінгі таңда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге. Үш айда 255 мың теңге. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, жеке кәсіпкерлерді құру үшін ең төменгі жалақының 12 (жылына – ред. ескертпесі) кірісі қажет, бұл млн теңгеден асады.

Сондықтан егер үш айда әр айында 85 мыңнан көп ақша түсіп, мен айтқан белгілер болса кәсіпкерлік мақсатқа арналған деп есептеледі", - деді вице-министр.

Ол бір адамға үш ай қатарынан әртүрлі тұлғадан 100 аударым түссе, тексерілетінін тағы да қайталап, алдымен оған хабарлама жіберілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2064895-mobildi-audarymdar-nege-255-myn-tengeden-asqanda-tekseriledi-qarzy-vice-ministri-zauap-berdi/