Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 9 пайызбен ипотека алу бойынша өтініштердің көпшілігі қабылданбаған

Опубликовано:

Кілт беріп тұрған әйел
Кілт беріп тұрған адам. Көрнекі фото: pexels.com

"Отау" ипотекасы басталғалы бері қазақстандықтар қатысуға 16 мыңнан астам өтініш бергенімен, азаматтардың көпшілігіне оң жауап келмеді. Талапкерлердің көбіне не себепті ипоетка берілмегенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда "Отау" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында қазақстандықтар кейіннен мөлшерлемені 4 пайызға дейін төмендете отырып, 9 пайызбен ипотекалық несие ала алады. Бағдарламаға қатысу үшін 30 сәуірге дейін өтініш беруге болады.

"Крыша" порталының хабарлауынша, бағдарлама іске қосылғалы бері қазақстандықтар 16 297 өтініш берген, бірақ олардың барлығы мақұлданған жоқ – 9 731 өтініш қабылданбаған.

Көбінесе қатысушының қандай да бір шартты орындамауымен байланысты қабылданбаған. Кейбір қазақстандықтан бірден бірнеше өтініш берген, сондықтан олар да қабылданбай қалған. 1 наурыздан бері жалпы 6566 өтініш мақұлданды.

Естеріңізге сала кетейік, "Отау" ипотекасына қатысу үшін келесі шарттарды орындау қажет:

  • "Отбасы Банкінің" салымшысы болу;
  • кемінде 18 ай жарамды, ең аз сомасы 1 миллион теңге болатын депозит болуы керек;
  • соңғы бес жыл ішінде жеке баспана болмауы керек - бұл қатысушының отбасы мүшелеріне де қатысты.

Сондай-ақ өтініштерді тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін тапсыру керектігін айта кеткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2066652-qazaqstanda-9-paiyzben-ipoteka-alu-boiynsa-otinisterdin-kopsiligi-qabyldanbagan/

pixel