Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қолданыста болған заттарды сатушылар бақылауға алынуы мүмкін

Опубликовано:

Банк картасын ұстап, ноутбук алдында отырған адам
Ноутбук алдында отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда пайдаланылған заттарды сатуға қатысты жаңа нормаларды енгізу жоспарланып отыр – бұл заң жобасы әзірге жұмыс топтарында талқыланып жатыр, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Бүгінгі таңда елімізде пайдаланылған сапасыз тауарларды сатуға байланысты жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

"Сатушы тұтынушыға сатуға жариялаған тауары туралы толық ақпарат көрсеткенін қалаймыз. Мысалы үш күннен кейін сатып алынған көлік істен шығып, оны жөндеуге жарамсыз болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өте көп.

Тіпті құрттаған диван сатып алынған кездер болған, біле білсеңіз. Оны сатып алған адам есінен алжаса жаздады. Кейін мен сатушыны іздеп таптым, бірақ қолымнан ештеңе келмеді", – деді Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская.

Дереккөз ақпараты бойынша, жаңа нормалар қашан енгізілетінін айтуға ерте – ұсынылған заң жобасы әлі қызу талқыда. Дегенмен мәселені шешуге бағытталған алғашқы қадамдар жасалған.

Сондай-ақ елімізде мұғалімдер мен қоғам белсенділері тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша арнайы оқулық әзірлеген. Жуырда бұл пән еліміздің кейбір жоғары оқу орындарында енгізілмек.

"Бұны тек шетелде қалай жасалатынын емес, Қазақстанда да қалай жасалуы керегін көрсету керек еді. Бұл жас ерекшелігі мен оқу орнына қарамастан, тұтынушылық туралы жаппай білім болуы керек", – деді оқулықты әзірлеуші, Жоғары заң мектебінің деканы Светлана Мороз.

Кейінгі бір жыл ішінде тұтынушылар құқығын қорғау лигасына жүгінген қазақстандықтар 336 миллион теңгеден астам қаржыны өндіріп ала алған. Ел тұрғындары көбіне сапасыз жабдыққа шағымданған, сондай-ақ ұялы байланыс операторларының қызметтеріне, оқу курстары мен әуе компанияларының ұсыныстарына наразылық білдірілген.

Айта кетейік, елімізде тұтынушылардың құқығын қорғау функциясы Сауда және интеграция министрлігіне жүктелген.

Үкіметтің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына сәйкес, ведомствода Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылған еді. Комитеттің негізгі міндеті – тұтынушылардың құқығын қорғау саласында тұтас әрі тиімді саясатты қалыптастыру.

Оған мынадай міндеттер кіреді:

  • тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар қызметінің салааралық координациясын жүзеге асыру;
  • тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2067591-qazaqstanda-qoldanysta-bolgan-zattardy-satusylar-baqylauga-alynuy-mumkin/

pixel