Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жалақысына қанша ақша жұмсалады
Жарияланған күні:
Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев елдегі мемлекеттік аппаратты ұстауға қанша қаражы жұмсалатыны жөніндегі сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстанда соңғы жылдары шенеуніктердің саны өзгермегенін, министрліктердің көбейгені бұрын біріктірілген ведомстволар екенін айтты.
"2014 жылы бізде 21 министрлік болды, біз оларды біріктіріп, комитеттерді қосқанда 14 министрлікке айналдырдық.
Министрліктердің қаншалықты үлкен болғанын өзіңіз білесіз. Кез келген министрлікті алайық, штат 50 мың адам болды. Ал бұл жұмысқа, шешім қабылдау жылдамдығына әсер етті. Сондықтан оларды қайтадан бөлу туралы шешім қабылданды, бірақ штат қосылмады – саны сол күйінде қалды", – деді Тәкиев.
Ал ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков 2022 жылы Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер саны қолайлы деп есептелгенін айтты.
"2022 жылы біз штат санын оңтайландырдық – 15 пайызға қысқартулар болды. 2022 жылы тағы 10 пайызға қысқарту болады деп болжанған болатын. Бірақ, есіңізде болса, мемлекет басшысы сол кезде олардың саны оңтайлы екенін атап өтті, сондықтан штатты 10 пайызғаға қысқарту туралы шешім тоқтатылды", – деді Омарбеков.
Қаржы министрлігінің басшысына мемлекеттік аппаратты ұстауға жылына қанша қаржы жұмсалатыны туралы сұрақ қойылды.
"Бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысына қарап айта аламын: жылына 1 триллион 32 мың теңге – бұл барлық мемлекеттік қызметшінің жалақысы", – деп жауап берді Тәкиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2070789-qazaqstanda-memlekettik-qyzmetsilerdin-zalaqysyna-qansa-aqsa-zumsalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.