Әрбір оныншы қазақстандық азық-түлікке небәрі 20 мың теңге жұмсайды: статистика қаншалықты рас
Жарияланған күні:
Бұл статистика халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығындарының төмен деңгейіне байланысты сұрақтар тудыруы мүмкін. Бірақ мұның бәрі зерттеудің ерекшеліктеріне және зерттелетін халық тобына байланысты. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың төртінші тоқсанындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың кірістері мен шығындары туралы мәлімет жариялаған болатын.
Бюрода атап өтілгендей, ел тұрғындары бір тоқсандағы 305 884 теңге кірістің орта есеппен 90,62 пайызын (277 202 теңге) түрлі мақсаттарға жұмсаған. Бұл ретте шығыстардың басым бөлігін (256 687 теңге) азық-түлік және алкогольсіз сусындар (тоқсанына 129 953 теңге) қосқанда тұтыну шығыстары құрады.
Как сообщает Telegram-каналDATA HUB , некоторые данные статистики вовсе указывают на то, что каждый десятый казахстанец в среднем тратит на еду всего22,3 тыс. тенге в месяц . Однако причина такой суммы оказалась связанной с методикой исследования.
DATA HUB Telegram арнасы кейбір статистикаға сүйене отырып, әрбір оныншы қазақстандықтың азық-түлікке орташа есеппен айына небәрі 22,3 мың теңге жұмсайтынын айтты. Алайда бұл соманың себебі зерттеу әдістемесіне байланысты болып шықты.
Деректер қалай жиналды
Талдаушылардың айтуынша, Ұлттық статистика бюросы әдетте халық табысының теңсіздігіне баға беру үшін ел тұрғындарын сан тұрғысынан бірдей 10 топқа бөледі. Ал тұрғындарды бөлу кіріс мөлшерінің арту принципі бойынша жүзеге асырылады.
Сондықтан бірінші топқа әл-ауқаты төмен азаматтар, ал соңғы топқа әл-ауқаты едәуір жоғары азаматтар кіреді. Яғни әрбір оныншы азаматтың шығыны туралы ақпарат бірінші топқа қатысты айтылған.
"Біз әл-ауқаты ең төмен Қазақстан азаматтарының 10 пайызы туралы айтып отырмыз. 2023 жылдың төртінші тоқсанында әрқайсының орташа айлық шығыны орташа есеппен 37,6 мың теңге болған. Сонымен қатар бұл соманың негізгі бөлігі, яғни 22,3 мың теңгесі (шамамен 60 пайызы) азық-түлікке жұмсалған", – деп хабарлады талдаушылар.
Сондай-ақ дереккөз бұл санның кез келген орташа шама сияқты шартты екенін көрсетеді. Статистикалық деректерді бағалағанда мұны есте ұстаған жөн.
"Екіншіден, Қазақстан азаматтарының көлеңкеде қалған кірістері есепке алынбай, шынайы көрсеткіш айтарлықтай бұрмалануы мүмкін", – деді DATA HUB талдаушылары.
Сондай-ақ 2023 жылдың төртінші тоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының кірістері мен шығындары туралы ақпарат нақты цифрларға емес, үй шаруашылықтары арасында жүргізілген сауалнамаға негізделген. Сондықтан оларды да жан-жақты сараланған деп санауға болмайды.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың күзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлттық статистика бюросы реформаланатынын хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2075586-arbir-onynsy-qazaqstandyq-azyq-tulikke-nebari-20-myn-tenge-zumsaidy-statistika-qansalyqty-ras/