Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тауарларды баж салығынсыз тасымалдау шегі төмендетілді

Опубликовано:

Салық
Салық. Көрнекі фото: Freepik

Бұған дейін Қазақстанда 1000 еуроға дейінгі шетелдік тауарларды баж салығын төлемей тасымалдауға болатын. Бүгінде бұл шек жойылды. Енді тауар бағасына қойылатын шек жеткізу әдісіне байланысты кемінде 200-500 еуродан басталады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Бұған дейін Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіретін өзге елдердің азаматтары үшін жеке пайдалануына арналған тауарларды баж салығынсыз тасымалдау бойынша шек мөлшері жоғары болатын. Кемінде тауар бағасы 1000 еуроға дейін болуына, ал салмағы 31 келі болуына рұқсат етілген.

Мұндай шектеулер санкциялардың қысымына түскен азаматтарды қолдау әрі маңызды тауарлар мен қажетті импорттық тауарлардың тапшылығын алдын алу мақсатында 2022 жылдың сәуірінде уақытша енгізілген еді.

Кейін аталған шектеудің мерзімі бірнеше рет ұзартылған болатын. Соңғы рет уақытша шектеу мерзімі 2023 жылдың қазанында (6 айға) ұзартылған.

Алайда бұл жолы шектеудің мерзімін ұзартқан жоқ. Сондықтан Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, биыл 1 сәуірден бастап, тауарларды баж салығынсыз тасымалдау бойынша қайтадан бұрынғы шегі бекітіледі:

  • жеткізуші немесе пошта арқылы жеткізілетін, құны 200 еуроға дейінгі және/немесе салмағы 31 килограмнан аспайтын тауарларды баж салығынсыз тасымалдауға болады;
  • багаж ретінде тасымалданатын (әуе қатынасын есепке алмағанда), құны 500 еуроға дейінгі және/немесе салмағы 25 килограмнан аспайтын тауарларды баж салығынсыз тасымалдауға болады.

Егер тауарлар аталған шектерден асып кетсе, тауар иесі баж салығын төлеуге мәжбүр болады. Ал пошта арқылы жіберу құны жоғарылатылған соманың 15 пайыздық мөлшерлемесімен есептеледі, бірақ артық салмақ бойынша тауардың әр келісіне кемінде 2 еуро төлеу керек, жүкті тасымалдау құны болса 30 пайыздық мөлшерлемемен есептеледі, бірақ бір килограмға кемінде 4 еуро есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2076885-qazaqstanda-tauarlardy-baz-salygynsyz-tasymaldau-segi-tomendetildi/

pixel