Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда декларация тапсыру мерзімі кейінге шегерілетіні рас па

Опубликовано:

Жалпы декларация
Жалпы декларация. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде 2025 жылы қазақстандықтарға салық декларациясын тапсырудың қажеті жоғы, ол кейінге шегерілетіні жайлы ақпарат тарады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтар бұйрық жобасын қате түсінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

25 наурызда "Ашық НҚА" порталында Қазақстандағы жалпыға бірдей декларациялауға қатысты Қаржы министрі бұйрық жобасының талқылауы аяқталды.

Аталған бұйрық жобасында Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" өзге бұйрығына тек өзгерістер енгізу көзделген.

Осыған байланысты әлеуметтік желіде барлық Қазақстан азаматы қатысуға тиіс жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңі бір жылға кейінге шегерілгені туралы ақпарат пен хабарламалар пайда болған.

"Свидетель.kz" Telegram арнасының мәліметіне сүйенсек, тараған хабарламалардың авторлары бұйрық құжатының мағынасын дұрыс түсінбеген болуы мүмкін.

Бұл бұйрық не үшін қажет

Дереккөз хабарламасына сәйкес, бұйрық жобасында 2025 жылдан бастап кірістері мен мүлкі туралы міндетті декларациялаудан өтуге тиіс барлық санаттағы азаматқа, оның ішінде жеке тұлғаларға тек 270.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыру мерзімі бір жылға шегерілетіні жазылған.

Бұйрық жобасының мәтінінде былай делінген: "Декларацияны тапсыру жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табысталатын жылдан кейінгі жылы басталады және жыл сайын есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тапсырылады:

Бұйрық жобасының мәтінінде: "Декларация тапсырылатын жылға дейінгі жылдың 31 желтоқсанына мыналар кіреді:

  • ...4) 2026 жылдан бастап:
  • кәмелетке толған тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • қандастар;
  • тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
  • Қазақстан Республикасының резиденті болып саналатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар...".

"Әлеуметтік желілердегі жазбаларға қарағанда, кейбір азаматтар (бұйрық жобасын - ред.) қате түсініп, өз көзқарасын жазылушыларына таңуға тырысуда.

270.00 нысаны бойынша декларация – ол жыл сайын толтырылатын салық құжаты, бірақ ол "кіру декларациясынан" (250.00 нысаны) кейін ғана толтырылады", – деп жазылған дереккөзде.

Түзетулер 2021 жылғы қолданыстағы бұйрық мәтініне енгізіліп жатыр. Осы орайда аталған бұйрық бойынша, жеке тұлға 270.00 нысанын 2025 жылы тапсыруға тиіс. Бұл ретте азаматтар бірден екі декларацяны - 250.00 "кіру нысанын" және жыл сайынғы нысанды бір уақытта тапсыру керек деп ойлап, жаңылысқан болуы мүмкін.

Сондықтан, 270.00 нысанын тапсыру мерзімін кейінге қалдыру жай ғана 2021 жылғы қолданыстағы бұйрықты Салық кодексімен сәйкестендіру қажеттілігінен туындап отыр. Аталған кодекске декларацияланған ақпарат тізімін қысқарту тұрғысынан түзетулер енгізілген болатын.

Яғни Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары (сонымен қатар қандастар, шетелдіктер, елде тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдар) бұрынғыдай 2025 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тек 250.00 кіру нысаны бойынша декларация құжатын тапсырады. Ал 2026 жылдан бастап олар жыл сайын 270.00 нысанын тапысырып отыруға тиіс.

Осылайша жалпыға бірдей декларациялау бағдарламасы кейінге шегерілмейді және бұрынғыдай жоспарланған режимде жалғасын табады.

Еске салайық, биыл ақпанда Қазақстанда азаматтың табысы мен мүлкі туралы декларациядан (270,00) жалақы туралы тармақ алынып тасталған еді.

Сондай-ақ бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері жалпыға бірдей декларациялау мерзімін кейінге шегеру 2024 жылы жоспарда жоқтығын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2078063-qazaqstanda-deklaraciya-tapsyru-merzimi-keiinge-segeriletini-ras-pa/

pixel