Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7 пайыздық жаңа ипотека: кімге арналған және "Отаудан" айырмашылығы неде

Жарияланған күні:

Кілт ұстап тұрған әйел
Кілт ұстап тұрған әйел. Көрнекі фото: pexels.com

"Наурыз" жаңа тұрғын үй бағдарламасы 2024 жылдың 1 мамырынан бастап іске қосылады. "Отау" ипотекасына ұқсас болғанымен, ол бойынша қарыз алушыларға қойылатын талаптары аздау. Толығырақ материалымыздан оқыңыздар.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Наурызда Қазақстанда "Отау" деп аталатын "9-20-25" ипотекасынан бөлек, Қазақстанда тағы бір тұрғын үй бағдарламасы – "Наурыз" ипотекасының іске қосылатыны белгілі болды. Оның басталуы 2024 жылдың 1 мамырына жоспарланған.

Крыша порталының сарапшылары анықтағандай, мұнда да депозит болуы талап етеді. Оның жарамдылық мерзіміне қатысты ешқандай талаптар жоқ, бірақ ең минималды сома 1 миллион теңге болуы керек.

Наурыз ипотекасының шарттары мынадай:

  • қатысушының соңғы бес жылда баспанасы болмауы керек. Дәл осы талап оның отбасы мүшелеріне: жұбайы мен балаларына да қатысты;
  • пайыздық мөлшерлеме - 9 пайыз, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін - 7 пайыз;
  • несие мерзімі – 19 жыл, бастапқы жарна 20 пайыздан басталады;
  • несиенің максималды сомасы әзірге белгісіз, бірақ сарапшылардың айтуынша, "Отау" ипотекасынан жоғары болады.

2024 жылы жаңа тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға 300 млрд теңге бөлінді. Салыстырар болсақ, "7-20-25" бағдарламасына жылына небәрі 100 миллиард теңге бөлінеді. Бұл несиеге үй алатын адамдар саны да арта түсетінін білдіреді.

Дегенмен жаңа бағдарлама ұпай бойынша саралау принципі бойынша жұмыс істейді, яғни несие ең көп ұпай жинағандарға беріледі. Ұпайлар депозиттік сыйақылар, отбасы мен балалары болғаны үшін берілетін болуы керек.

Астана, Алматы, Шымкент және облыстық маңызы бар қалаларда тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады, ал басқа облыстар, ауылдар мен аудан орталықтары үшін әзірге нақты жауап жоқ. Мамандар "Наурызға" арналған барлық негізгі нысанды "Баспана базары" порталынан көруге болады.

Осылайша жаңа бағдарлама "Отау" ипотекасынан екі негізгі шарт бойынша ерекшеленбек:

  • халықтың әлеуметтік осал топтары үшін төмендетілген мөлшерлеме;
  • қажетті сома бұрынғысынша - 1 миллион теңге, алайда депозиттің қанша уақыт бұрын ашылғаны маңызды емес.

Биыл "Наурыз" ипотекасына қатысуға өтініштер 1 мамырдан бастап қабылданады. Келесі жылдан бастап 1 наурызға белгіленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін сарапшылар Қазақстанда ипотеканы қай жастағы азаматтар алғаны дұрыс деген сауал бойынша жауап берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2080640-7-paiyzdyq-zana-ipoteka-kimge-arnalgan-zane-otaudan-aiyrmasylygy-nede/