Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда риэлторлар қатаң бақылауға алынуы мүмкін

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Риэлторлардың қызметі ұзақ уақыт бойы реттелмей келді. Алайда енді олар мәмілелер ашық болуы үшін электронды тізілімдер мен платформаларға тіркелуге мәжбүр болуы мүмкін. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Риэлторлар – жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді рәсімдеуде делдалдық қызмет көрсететін тұлғалар. Олар тиімді ұсыныстар табуға, сатып алу-сату немесе жалға беру шарттары жөнінде келіссөздер жүргізуге және барлық қажет құжатты әзірлеуге көмектесуі керек.

Дегенмен жылжымайтын мүлік нарығында жосықсыз риэлторлар жиі кездеседі.

Енді бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі мүмкін, бұл жөнінде ҚР премьер-министрі орынбасарының депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, жауап парламент мәжілісінің сайтында жарияланған.

Не өзгереді

Құжатта атап өтілгендей, риэлторлық қызмет көрсету саласында риэлторларға деген сенімсіздіктің артуы, көрсетілетін қызмет құнының қымбаттауы және алаяқтық жағдайлары сияқты келеңсіз факторлар кездеседі.

Сондықтан олардың қызметін реттеу үшін нарықтың барлық қатысушыларымен түрлі дайындық шаралары мен кездесулер өткізілуде. Соның нәтижелері бойынша мынандай шаралар ұсынылып отыр:

  • қолданыстағы "Жылжымайтын мүлік нарығындағы риелторлық қызметтер. Жалпы талаптар" Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартының негізінде "кәсіби риэлтор" критерийлерін әзірлеу;
  • нақты риэлтордың құзыреті туралы ақпаратты көрсететін адал риэлторлардың ашық электрондық тізілімін әзірлеу;
  • уәкiлеттi органдарда тiркеу арқылы интернет-алаңдарда мәмiлелер жасау талаптарын заңнамалық тұрғыдан күшейту;
  • риэлторлардың қызметін қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің Яндекс таксиге ұқсас пилоттық жобаларына қосу;
  • риелтор қызметіне төленген чекке қатысты 1 пайыздық арнайы салық режимін тарату мәселесін пысықтау.

"Қазіргі уақытта риелторлық қызмет қатынастары ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша азаматтық заңнаманың ережелерімен белгіленетінін ескеру қажет.

Риэлторлық қызмет көрсету бойынша шарттардың немесе өзге де мәмілелердің талаптарын бұзған, сондай-ақ тараптардың бірі міндеттемелерін орындамаған жағдайда азаматтық-құқықтық жауапкершілік туындайды", - делінген депутаттық сауалға берілген жауапта.

Үкіметтегілердің пікірінше, бұл тәсілдер риэлторлардың қызметін реттеуге, риэлторлық қызмет көрсетудің сапа стандарттарын әзірлеуге, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2078636-qazaqstanda-rieltorlar-qatan-baqylauga-alynuy-mumkin/

pixel