Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы сот утильалымды жою туралы шешім қабылдағаны рас па

Опубликовано:

Утильге кететін автокөліктер
Утильге кететін автокөліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Жоғарғы сот утильалым ақысын жою туралы шешім шығарғаны жайлы хабарламалар тарап жатыр. Алайда бұл утильалымның заңсыздығы туралы қаралып жатқан істің мән-жайы басқада, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ауыл шаруашылығы саласы туралы World of NAN порталының ақпараты бойынша, бұған дейін Қазақстанның Тәуелсіз бизнес одағы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен автокөлік пен ауыл шаруашылығына арналған техника локализациясының өндірісі жайлы жан-жақты мәлімет ұсынуды талап етіп, Жоғарғы сотқа талап арыз жолдаған еді. Ал биыл 2 сәуірде Жоғарғы сот бұл талап арызды қанағаттандырған.

Осыған байланысты әлеуметтік желіде бұл Қазақстандағы утильалымның жойылғанымен байланысты деген хабарламалар тарай бастады.

Алайда дереккөз мәліметіне сүйенсек, бұл сәл қате ақпарат, дегенмен сот шешімі болашақта бұл мақсатқа жетуге ықпалын тигізуі мүмкін.

Жоғарғы сот қандай шешім шығарды

Дереккөз хабарламасына сенсек, сот шешімі бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанның Тәуелсіз бизнес одағына автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін локализациялау туралы толық мәліметтерді ұсынуға міндеттелген.

Қоғам қайраткері Санжар Боқаевтың айтуынша, ведомство аталған ақпаратты бермей, отандық автокөлік өнеркәсібін қолдау жүйелері мен утильалымның жұмыс ерекшеліктерін жасыруға тырысып отыр.

Автокөлік өнеркәсібінің локализациясы туралы деректер утильалым жүйесіне талдау жүргізіп, оның тиімсіздігін дәлелдеу үшін қажет екені хабарланған.

"Утильалым ақысын не үшін төлеп жүргенімізді және мемлекеттен түсетін субсидиялар қайда кетіп жатқанын білуіміз керек. Кейінгі он жылда мемлекет отандық автокөлік өнеркәсібін қолдаймын деп 1,5 триллион теңгеге жуық шығынға ұшырады.

Сонымен қатар осы сегіз жылдың ішінде Қазақстан азаматтары утильалым үшін шамамен 1 триллион теңге төлеген. Бұл сома толық локализацияланған бес автокөлік зауытының құрылысына тең. Бірақ ол құрылмаған", - деп келтіреді World of NAN Боқаевтың сөзін.

Айта кетейік, утильалымды жою туралы арыз төрт рет келіп түскен, бірақ сот оларды қабылдамаған, ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өндірісті локализациялауға қатысты ақпарат беруден бас тартқан.

Алайда Жоғарғы соттың қазіргі шешімі елдегі автокөлік өндірісі туралы жан-жақты деректерді алуға мүмкіндік барын дәлелдеген. Осыдан кейін Қазақстанның Тәуелсіз бизнес одағы алынған ақпаратты пайдалана отырып, утильалым бойынша ақы алу заңсыз әрекет екенін айтып, шағым түсірмек.

Айта кетейік, локализация – қандай да бір компанияның өнімін сату жоспарланған елдердің аумағында тауар өндірісін ұйымдастыру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2080652-zogargy-sot-utilalymdy-zoyu-turaly-sesim-qabyldagany-ras-pa/

pixel