Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық банктегі қол сұғылмайтын арнайы шотты толтыруға бола ма

Опубликовано:

Банкоматқа карта салып жатқан адам
Банкоматқа карта салып жатқан адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арнайы шоттың әдеттегі шоттан айырмашылығы бар. Ол ақшаға тыйым салудан және оны мәжбүрлеп өндіріп алудан қорғалған. Бірақ оның кемшілігі де жоқ емес: арнайы шотты өз бетіңізше толтыруға болмайды. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Әрбір қазақстандық азамат қай банктің қызметін алатынын және картаны қай жерден ашатынын өзі таңдайды. Алайда таңдауға қарамастан, барлығында бір кемшілік бар: банк шоты қандай да бір бұзушылықтар үшін бұғатталып, ақшаға тыйым салынуы мүмкін.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алу үшін ашылатын арнайы шоттарда мұндай проблема жоқ.

Арнайы шот заңмен қорғалған. Демек, сот қарыздар бойынша қаражатты мәжбүрлеп өндіріп алу туралы шешім шығарса да, мұндай есепшотқа қол сұғылмайды және ақшаға тыйым салынбайды.

Дегенмен оның да кемшіліктері бар. FinGramota медиа порталында жазылғандай, мұндай қол сұғылмайтын шоттарды өз бетіңізше толтыруға болмайды.

Оларға тек мемлекеттен әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, кәмелетке толмағандар мен еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға алименттер, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарын төлеу, білім беру жинақтау салымдары ғана түседі.

Бұл ретте банктер мұндай шоттарға ақшаның түсуін тиісті төлем мақсатының кодына және ақшаны жөнелтушіге сәйкес бақылайды.

Алайда бұл қазақстандықтардың арнайы шоттағы ақшаны пайдалануына ешбір шектеу жасамайды. Оларды кез келген картаға аударуға, депозитке салуға немесе кез келген банкоматтан алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2081075-qazaqstandyq-banktegi-qol-sugylmaityn-arnaiy-sotty-toltyruga-bola-ma/

pixel