Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда баспана сатылымы күн сайын төмендеп жатыр

Опубликовано:

Ақша және баспана
Ақша және баспана. Көрнекі сурет: Владимир Третьяков

Қазақстанда баспанаға сұраныс үшінші ай қатарынан төмендеуде. Наурызда 26 389 сатып алу-сату мәмілесі жасалды, бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 13,6%-ға аз. Мұның мән-жайын KAZ.NUR.KZ анықтады.

Қазіргі уақытта қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығында екі құбылысты атап өтуге болады: бастапқы нарықтағы бағаның төмендеуі (айына - 0,4 пайыз) және қайталама тұрғын үй нарығындағы олардың өсуі (айына + 0,2 пайыз). Сұраныстың төмендеуі үшінші айда да өзгеріссіз қалды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың наурыз айында ел тұрғындары тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 26 389 мәміле жасады: пәтерлер – 20 815, ал жеке тұрғын үй – 5 574 мәміле. Жалпы көрсеткіш бір айда 13,6 пайызға төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанда айлық төмендеу 3,7 пайызды құраса, қаңтарда 16 пайыз болды.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінде сатылымның төмендеуі тіркелді. Нарық ең көп құлдыраған Павлодар облысында 743 тұрғын үй сатылды, бұл бір ай бұрынғыдан 29 пайызға аз.

Бағаның ең аз төмендеуі Абай облысында болды, мұнда 553 мәміле жасалды, бұл ақпан айындағыдан 0,2 пайызға аз. Алматыда құлдырау 19,3 пайызды құрады (5 191 мәміле) құрады, Астанада сұраныс 14,8 пайызға (5 012 мәміле) төмендесе, Шымкентте 14,2 пайызға (1 236 мәміле) төмендеді. Ұлытау облысында тұрғын үйлер ең аз сатылды: барлығы 215 үй, бұл ақпан айындағы көрсеткіштен бірден 11,2 пайызға аз.

Қазақстандағы сатып алу-сату мәмілелері
Қазақстандағы сатып алу-сату мәмілелері. Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

Көбінесе Қазақстан тұрғындары 1 бөлмелі пәтерлер сатып алған: олардың саны – 8 067. Одан кейінгі орында 2 бөлмелі пәтерлер – 7 709, сондай-ақ 3 бөлмелі пәтерлер – 4 055 мәміле. Бөлмелері көп пәтерлер тек 984 мәмілені құрады.

Дегенмен сұраныс үшінші ай қатарынан төмендеп келе жатқанын ескерсек, ағымдағы көрсеткіш өткен жылғыдан небәрі 8,7 пайызға көп – 2023 жылдың наурыз айында небәрі 24 273 тұрғын үй сатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2082182-qazaqstanda-baspana-satylymy-kun-saiyn-tomendep-zatyr/

pixel