Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен мемлекеттік бағдарлама қатысушыларының жалақысы сақталады

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұратын және субсидияланатын жұмыс орындарында еңбек ететін қазақстандықтардың жалақысы сақталады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазіргі уақытта су тасқынына байланысты Қазақстанның он облысында ТЖ (төтенше жағдай) жарияланды. Табиғи апаттан зардап шеккендер түрлі қолдау алуға құқылы.

Атап айтқанда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, төтенше жағдай жарияланған аудандар мен қалаларда тұратын және субсидияланатын жұмыстарда еңбек ететін азаматтардың көмек алуына болады.

Олар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан келесі бағдарламалардың қатысушылары:

  • қоғамдық жұмыстар;
  • жастар тағылымдамасы;
  • әлеуметтік жұмыс орындары;
  • "Бірінші жұмыс орны";
  • "Ұрпақтар келісімшарты";
  • "Күміс жас"

Төтенше жағдай кезеңінде субсидияланатын жұмыс орындарында істейтін жұмыссыз тұлғалардың жалақысын жұмыс берушілерден ақпарат талап етілмей, еңбек ұтқырлығы орталығы төлейді.

Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен жастарға шағын несие беру бағдарламасына қатысушыларға көмек көрсетіледі – алған несиелерінің төлемдерін кейінге шегеру қарастырылған. 2024 жылға арналған кестелер бойынша барлық төлем 2025 жылдан бастап қаржыландыру кезеңінің соңына дейін келесі төлемдерге тең үлестермен бөлінеді.

Бұдан бөлек, Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты 8 сәуірде басталуы тиіс жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттарға өтінімдерді қабылдаудың бірінші кезеңі кейінге шегерілгенін айта кеткен жөн. Нақты қай күні басталатыны кейінірек хабарланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін су тасқынынан зардап шеккендерге кейбір жеңілдіктер автоматты түрде берілетіні, сондай-ақ несиені кейінге қалдыру және төлемді кешіктіргені үшін айыппұлдарды есептеу тоқтатылатыны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2082272-qazaqstanda-su-tasqynynan-zardap-sekken-memlekettik-bagdarlamalarga-qatysusylardyn-zalaqysy-saqtalady/

pixel