Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңілдетілген ипотека: 2024 жылы қазақстандықтарға қандай мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді

Жарияланған күні:

Ағаш үй
Ағаш үй. Көрнекі сурет: Boonchai Wedmakawand/Getty Images

Халықтың әртүрлі санатына қолжетімді мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланып, неғұрлым қолжетімді несие шарттарымен тұрғын үй сатып алуға болады. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Жеңілдетілген ипотеканың екінші деңгейлі банктер ұсынатын қарапайым нарықтық ипотекадан айырмашылығы – сатып алу шарттары анағұрлым қолжетімді: пайыздық мөлшерлеме төмен және әдетте азырақ бастапқы жарна талап етіледі.

Krisha.kz сайтының хабарлауынша, биыл қазақстандықтар мемлекеттен берілетін жеңілдетілген ипотеканың бірнеше түрін пайдалана алады. Олардың шарттары мен талаптарын толығырақ қарастырайық.

Ең төменгі мөлшерлемелер

Ипотекалық бағдарламалардың ішінде неғұрлым жеңілдетілген шарттарды ұсынатын екі бағыт бар:

  • 2 пайыздық мөлшерлемемен – әкімдік кезекте тұрғандардың жекелеген санаттары қатыса алады (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы аналар, көп балалы отбасылар, оның ішінде мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандар, I және II топтағы мүгедектер);
  • 5 пайыздық мөлшерлемемен – тұрғын үйге мұқтаж әкімдік кезегінде тұрғандардың барлығы қатыса алады.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптардың бірі – соңғы бес жылда баспанасы болмауы керек. Сондай-ақ өтініштерді қарау кезінде соңғы алты айдағы кірістің болуына және төлем қабілеттілігін растауға назар аударылады.

Таңдалған мүліктің кіріс деңгейіне және максималды құнына ешқандай шектеулер жоқ.

Бұл бағдарламалардың келесідей шарттары да бар:

  • бастапқы жарнаға тұрғын үй құнының 10 пайызы қажет. Бұл соманы ішінара жергілікті әкімдіктер берген тұрғын үй сертификаттарымен төлеуге болады;
  • несие мерзімі – 20 жылға дейін.

Өтініш берушінің қаласында (облысында) арнайы салынған жаңа тұрғын үйді ғана сатып алуға болады. 2024 жылы осындай 6 671 ипотека беру жоспарлануда.

Пәтер жоспары
Пәтер жоспары: alvarez/Getty Images

"7-20-25"

Қазақстандықтардың көпшілігі бұл бағдарлама туралы біледі – ол өтініш берген кезде баспанасы жоқ барлық азаматтарға қолжетімді. Бірақ оған бір рет қана қатысуға болады.

Ипотека шарттары:

  • мөлшерлемесі – 7 пайыз;
  • бастапқы жарна – кепілзат құнының 20 пайызы (яғни сатып алынатын бастапқы үй);
  • несиенің ең жоғары сомасы – тұрғын үй құнының 80 пайызы;
  • несие мерзімі – 25 жылға дейін;
  • тұрғын үйдің максималды құны аймаққа байланысты 15-тен 25 миллион теңгеге дейін.

Өңірлік ипотекалар

Бұл бағдарламаға жасы 35-ке дейінгі баспанасыз жастар қатыса алады. Дегенмен барлық аймақта қатысушылардың тұрғын үй күту тізімінде болуы міндетті емес.

"Әкімдіктер қатысушылардың критерийлерін белгілейді, сондықтан көбінесе олар мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері болады.

Бағдарламалар 15 өңірде жұмыс істейді: Астана, Алматы, Алматы облысы, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Теміртау, Семей, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысы (Бөрлі ауданы), Жамбыл, Ұлытау облыстары", - делінген ақпаратта.

Шарттардың ішінде төмен мөлшерлемелер (5 пайыз) және бастапқы жарна (10 пайыздан жоғары), мерзімі 19-25 жылға дейін, сондай-ақ жаңа немесе қайталама тұрғын үй құны – 20 миллион теңгеге дейін ( қымбатырақ болса, айырмашылықты қатысушы төлейді).

Қатысушылардың облыста кемінде бір жыл тұрақты тұруы, белгілі бір салада (білім, медицина, мәдениет, спорт, журналистика, құқық қорғау органдары және т.б.) кемінде алты ай жұмыс істеуі және баспанасы болмауы қажет.

Бұл бағдарламаларды мемлекет жасаған және қазақстандықтарға үйді неғұрлым қолжетімді шарттармен алуға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2024 жылдың мамыр айынан бастап 7 пайыздық мөлшерлемемен жаңа "Наурыз" ипотекасын іске қосу жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2082929-zenildikti-ipoteka-2024-zyly-qazaqstandyqtarga-qandai-memlekettik-bagdarlamalar-qolzetimdi/