Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар неліктен құнды заттарын декларациялауы керек

Опубликовано:

Қағазға жазып отырған ер адам
Қағаз бен қалам. Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан азаматтарына зергерлік бұйымдар сияқты құнды заттарды декларациялау міндетті емес. Алайда декларация жасасаңыз, болашақта салық органдарының тексерулерінен аулақ боласыз. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазіргі уақытта елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі өтіп жатыр, оған жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары алғаш рет қатысты.

Келесі жылы бұл жүйеге қазақстандықтардың барлығы қосылады. Бірінші жылы олар 250 нысан декларациясын толтырулары керек. Мұнда өздеріне тиесілі активтері мен міндеттемелерін көрсетеді. Ал одан кейінгі жылдары олардың өзгерістерін тіркейтін 270 нысанын толтыру қажет болады.

Сондықтан декларацияны толтыру кезінде азаматтарға көптеген активті көрсету керек, әсіресе олар шетелде болса. Сонымен қатар кейбір мүліктер туралы хабарлауға болады, бірақ міндетті емес, мысалы, қолма-қол ақша.

Қолма-қол ақшадан бөлек, қазақстандықтар құны 1 000 АЕК-тен (2024 жылы 3 692 000 теңге) асатын зергерлік бұйымдар немесе картиналар сияқты басқа да құндылықтарды декларациялауға құқылы, бірақ бұл да міндетті емес.

Қаржы сарапшысы және салық жөніндегі кеңесші Айдар Масатбаев өзінің "ProНалоги Казахстан" Telegram-арнасында атап өткендей, мүлікті дұрыс бағалау және декларациялау – жан тыныштығы мен болашаққа деген сенімділіктің кепілі.

Дегенмен қазақстандықтарды құнды заттардың бар-жоғына ешкім жайдан-жай тексермейді. Сондықтан оларды жария ету міндетті емес.

Қажет болмаса, мүлікті жария етудің не қажеті бар

Дегенмен болашақта құнды затты сатуды жоспарлайсыз ба, соны ескеру маңызды. Егер жоспарлап жүрген болсаңыз, онда жариялаған дұрыс. Оған қоса, егер бұл кез келген жиынтыққа қатысты болса, онда әрбір элементті бөлек бағалаған дұрыс.

Сонымен қатар көптеген нәрсенің, соның ішінде картиналар мен сирек кездесетін заттардың құны 1000 АЕК-тен төмен болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, бірақ уақыт өте келе олардың құны артады. Сондықтан сатуға жоспарланған барлық активтерді, әсіресе олардың құны осы шекті мәннен асатын болса, жариялау маңызды.

Бұл жасалмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер комитеті болашақта жария етілмеген мүлікпен жасалған мәмілені растау үшін сатушы мен сатып алушыдан қосымша ақпарат сұратуы мүмкін.

Сондай-ақ егер декларацияланбаған құнды затты сатып, одан кейін қымбат сатып алсаңыз, салық басқармасында ақшаның қайдан келгені туралы сұрақ туындауы мүмкін екенін ескерген жөн. Сөйтіп азаматтарға қаражаттың қайдан келгенін түсіндіруге тура келеді.

Сондықтан құнды заттарды декларациялау ерікті түрде болғанымен, кейін салық органдарымен түсініспеушілік туындамас үшін оны жасаған дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2083961-qazaqstandyqtar-nelikten-qundy-zattaryn-deklaraciyalauy-kerek/

pixel