Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі какао тапшылығы Африка елдеріндегі кәсіпкерлікті жандандырды

Опубликовано:

Какао бұршаққыны
Камерундағы алқапта фермер какао бұршаққынын ұстап тұр. Фото: bloomberg / Kepseu/Xinhua/Zuma Press

Какаоға әлемдік сұраныстың артуы африкалық фермерлерді осы кәсіпке қайта оралуға мәжбүр етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі ең ірі какао өндірушілері – Кот-д'Ивуар мен Ганада плантацияларында егіннің дұрыс шықпауы салдарынан какаоның бағасы рекордтық деңгейге көтерілуде.

Кот-д'Ивуар мен Ганадағы жеке фермерлер какао бұршақтарын өздері өсіреді, бірақ тұрақты кірісті қамтамасыз ету үшін оларды үкімет белгілеген бағамен сатады. Ал Камерун мен Нигерияның фермерлері сатып алушыларды өздері таңдап, өнімдерін ең жоғары бағамен сата алады.

Екі елдегі ішкі какао бағасы өткен жылмен салыстырғанда үш есеге өсті, бұл жаһандық тапшылықты көрсетеді.

Қазіргі таңда ірі какао фермалары жайылымдық жерлерді жаулап алған паразиттердің кесірінен егінсіз қалуда. Дегенмен жаңадан ашылған кішігірім шаруашылықтарда мұндай проблемалар жоқ. Сондықтан шағын өндірушілер какао бұршақтарын өндіру процесіне тартылып, сол арқылы осы саладағы шағын бизнестің өсуіне қолдау көрсетуде.

Шағын фермаларды тіпті бұрын мұнымен айналыспаған адамдар ашып жатыр. Мысалы, 57 жастағы мұғалім Элси Киньюй какао өсіру үшін 3 гектар жер сатып алған.

Нигерияның Абиа штатындағы өңірлік өсірушілердің көшбасшысы Джон Калу какао өндірісімен айналысуға дайын әлеуетті фермерлердің "ұзын-сонар" тізімі бар екенін айтады. Үкімет шаруаларға жаңа жерлерді жалға беруге уәде берді, бірақ бұл бағдарламаның егжей-тегжейі әлі жарияланбады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2083994-alemdegi-kakao-tapsylygy-afrika-elderindegi-kasipkerlikti-zandandyrdy/

pixel