Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен қанша азаматқа көмек көрсетілді

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: I just try to tell my emotions/Getty Images

Төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 2,3 мыңға жуық адам жалпы сомасы 555,3 миллион теңге әлеуметтік көмек алды. Зардап шеккендерге тағы қандай көмек көрсетілгенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазіргі уақытта Қазақстанның бірнеше облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Құтқарушылар 100 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр болды.

Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, елімізде су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға кешенді қолдау шаралары көрсетіліп жатыр.

Мәселен төтенше жағдай жарияланған қалалар мен аудандарда 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), сол көмекті алуға мемлекеттік органдарға жүгінбесе де, автоматты түрде тағайындалды.

Еске салайық, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтар үшін АӘК және т.б. жеңілдіктер проактивті форматта ұзартылып отырады.

4 мыңға жуық адамды, оның ішінде балалардың да мүгедектігін қайта растау мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Олардың бәріне мүгедектік тобына байланысты тиісті жәрдемақы тағайындалып отырады. Сондай-ақ дереккөз ақпараты бойынша, зардап шеккен аймақтардан 96 мүгедектігі бар адам эвакуацияланған.

Алайда әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік осал топтарына ғана көрсетіліп қоймайды. Мысалы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар өз қаражаты есебінен су тасқынынан зардап шеккен 2,3 мың отбасына әлеуметтік көмек көрсеткен. Зардап шеккендерге берілген төлемнің жалпы сомасы 555,4 миллион теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2084969-qazaqstanda-su-tasqynynan-zardap-sekken-qansa-azamatqa-komek-korsetildi/