Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ноутбук бағасы қымбаттады

Опубликовано:

Ноутбук және калькулятор.
Ноутбук және калькулятор. Көрнекі сурет: krisanapong detraphiphat/Getty Images

Наурыз айының соңында Қазақстанда ноутбук бағасы бір жыл ішінде 13,3 пайызға, ал жөндеу жұмыстары 5,4 пайызға өсті. Осының аясында отандық өнім көлемінің ұлғаюы байқалады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

2022 жылдың өзінде-ақ кейбір сарапшылар Қазақстан импорттайтын электроника бағасының қатты өсетінін болжаған еді. Мұны олар Ресейге қарсы санкциялар мен электрониканы жеткізу тізбегіндегі өзгерістермен байланыстырған болатын.

Дегенмен ол кезде баға қатты өспеді, бірақ қазір EnergyProm берген мәліметке сай, елімізде баға өсті.

Мәселен, наурыз айының соңында еліміздегі жалпы инфляция осы кезеңде бар болғаны 9,1 пайызды құрағанымен, ноутбуктер 13,3 пайызға қымбаттады. Бұған қоса бұл бағаның өсуін максималды деуге болмайды. Рекорд 2024 жылдың ақпанында жаңарды – ол бір жыл ішінде 15,4 пайызға жетті.

Ноутбук пен компьютер жөндеу бағасының өсуі.
Ноутбук пен компьютер жөндеу бағасының өсуі. Инфографика: energyprom.kz

Компьютерлер мен ноутбуктерді жөндеу де – айына 0,1 пайызға және жылына бірден 5,4 пайызға қымбаттады. Бір қызығы, бір жыл бұрын ай сайынғы баға өсімі 0,7 пайызды құраса, жылдық баға өсімі жалпы алғанда 11,4 пайыз болған.

Ноутбук пен компьютер жөндеу бағасының өсуі
Ноутбук пен компьютер жөндеу бағасының өсуі. Инфографика: energyprom.kz

Ноутбуктер бағасының өсуімен қатар аясында елімізде жеке өндіріс көлемінің өсуі тіркелді.

Мысалы, Қазақстанда 2024 жылдың екі айында "Бір корпуста кем дегенде орталық процессоры және біріктірілген немесе жекелеген блоктарда орналастырылған енгізу-шығару құрылғысы бар цифрлық есептеу машиналары" санатындағы 6,1 мың құрылғы шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірден 337,5 пайызға артық.

Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, шын мәнінде отандық өндіріс туралы айтудың еш мағынасы жоқ. Себебі бұл құрамдас бөліктері басқа елдерден әкелінетін компьютерлер мен ноутбуктерді жинауды ғана білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2085329-qazaqstanda-noutbuk-bagasy-qymbattady/