Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылы қазақстандық жұмыс берушілер қандай мамандарға мұқтаж болады

Опубликовано:

Қызметкерлер
Жұмысқа тұру бойынша сұхбат. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарапшылар 2024 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар мұғалімдер мен медбикелер болады деп есептейді. Қазақстандық жұмыс берушілер тағы қандай мамандарды қажет ететінін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Экономикалық жағдай өз шарттарын белгілейді және университетте таңдалған мамандық болашақта әрқашан сұранысқа ие бола бермеуі мүмкін. Мысалы, бұған дейін біз Қазақстанда дәрігерлердің тапшылығы бар екенін айтқан болатынбыз.

Дегенмен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, 2024 жылы мұғалімдерге сұраныс артады. Жалпы, Еңбек ресурстары орталығының базалық сценарийі бойынша биыл елімізде білім беру саласына 364 мыңға жуық маман қажет болады деп күтілуде. Соның ішінде:

қоғамдық ғылымдар бойынша орта мектептің пән мұғалімдері (31 мың бос орын);

  • мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері (27 мың);
  • бастауыш сынып мұғалімдері (20 мың);
  • жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектептің пән мұғалімдері (17 мың);
  • математика ғылымдары бойынша орта мектептің пән мұғалімдері (16 мың);
  • арнайы білім беру саласындағы басқа да оқытушылар (12 мың).

Болжам бойынша мұғалімдерден бөлек, 2024 жылы ең сұранысқа ие 10 білікті мамандыққа кіретіндер:

күтім бойынша орташа медициналық персонал (23 мың бос жұмыс орны) – жалпы денсаулық сақтау саласында, базалық сценарий кезінде 105 мың маманға қажеттілік күтілуде;

  • үйде емделушілерді күту жөніндегі қызметкерлер (19 мың);
  • бухгалтерлер (15 мың);
  • аспаздар (13 мың);

Басқаша айтқанда, ағымдағы жылы білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейтіндер, сондай-ақ бухгалтерлер мен аспаздар ең сұранысқа ие мамандар болады.

Жалпы, сарапшылар даму сценарийіне байланысты (пессимистік, негізгі немесе оптимистік) 2024 жылы электронды еңбек биржасында 1,15 миллионнан 1,3 миллионға дейін бос жұмыс орны жарияланады деп болжап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтардың орта есеппен 370 мың теңгеге жуық жалақы алғылары келетіні белгілі болған еді. Сарапшылар 400 мыңға жуық түйіндемені талдап, осындай қорытындыға келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2085344-2024-zyly-qazaqstandyq-zumys-berusiler-qandai-mamandarga-muqtaz-bolady/