Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бұғатталған банктік шотты уақытша ашуға бола ма

Опубликовано:

Банкоматтан ақша алайын деп жатқан адам
Банк карточкасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Банк шоты уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша бұғатталуы мүмкін. Бұл жағдайда банктерде бұғатталған банктік шотты уақытша ашуына құқығы жоқ, бірақ Қазақстан азаматтары жеке сот орындаушысына жүгіне алады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Банктік шот түрлі заңбұзушылық үшін бұғатталуы мүмкін. Мысалы, алименттерді, салықтарды, өсімпұлдарды, үшінші тұлғалардан алған қарыздарды немесе т.б. төлемдерді өтемегені үшін азаматтың жеке банктік шотына тыйым салынуы мүмкін. Жеке тұлғаның банктік шотын сот шешімі бойынша жеке немесе мемлекеттік сот орындаушылар бұғаттай алады.

Кейде борышкер қиын жағдайға тап болып, бұғатталған банктік шотында жатқан ақшасын пайдалануға мәжбүр болуы мүмкін, бірақ FinGramota медиа-порталының сарапшылары банктер сот шешімімен тыйым салынған шотты тіпті уақытша аша алмайтынын айтты.

Бұл ретте жеке шотты ашу туралы алғашқы сот шешімнің күші жойылғаннан кейін ғана тыйым салынған банктік шот ашылатынын айта кетейік. Сондықтан Қазақстан азаматтары жеке шотты бұғаттау туралы шешім қабылдаған уәкілетті органға, мысалы, жеке сот орындаушысына немесе Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына жазбаша өтініш беруі керек.

Айта кетейік, кейде жеке тұлғаның банктік шотын бұғаттау туралы шешім негізсіз қабылдануы мүмкін. Бұл жағдайда азамат сот орындаушысына жүгіне алады, тіпті жеке шоты бұғатталған азаматтар орналасқан жері бойынша сотқа барып, өтініш бере алады.

Алайда кейде борышкерлердің құқығы өзгеше бұзылуы ықтимал. Мысалы, оған күніне бірнеше рет хабарласып, қарызды өтеу қажеттігін еске салуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай қоңыраулар саны шектеулі екенін естен шығармаған жөн.

Сарапшылардың айтуынша, кредиторлар қарыз алушымен байланысқа шыққанда мынадай ережелерді сақтауға міндетті:

  • жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін күніне 3 рет қана қоңырау шалуға рұқсат етіледі;
  • демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін күніне 2 рет қана қоңырау шалуға рұқсат етіледі;
  • егер банк қарыз алушымен келіссөздерді тұрғылықты жері, тіркелген жері немесе орналасқан жері бойынша, сондай-ақ банк бөлімшесінде жүргізгісі келсе, күніне бір рет, ал аптасына үш рет қана жүргізуге рұқсат етіледі. Егер банк борышкермен өзге шарттарға сәйкес кездескісі келсе, онда банк қызметкерлері қарыз алушымен алдын ала келісіп алуға тиіс.

Сондай-ақ қазақстандықтар қарызды өтеу бойынша қиындықтарға тап болса, салдарын күтпей, бірден банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) жүгініп, неліктен келісімшарт талаптарының орындалмай жатқанын түсіндіргені және мәселенің өзге шешімін ұсынғаны жөн. Кредитор қарыз алушының бұл өтінішін қарауға міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2085842-qazaqstanda-bugattalgan-banktik-sotty-uaqytsa-asuga-bola-ma/

pixel