Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы алу үшін онлайн өтініш бере ала ма

Опубликовано:

Ақша ұстап тұрған әйел
Ақша ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына келтірілген материалдық шығынын өтеу мақсатында әлеуметтік көмек беріледі. Аталған төлемді алу үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Жаңа қызмет туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға мемлекет есебінен қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, олар 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде біржолғы төлем мен тұрғын үйді қалпына келтіру және жөндеу бойынша көмек ала алады, сондай-ақ тағы басқа материалдық шығын өтеледі.

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуді жеңілдету үшін eGov Mobile қосымшасында "Су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініш" атты жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты бойынша, бұл қызмет су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның барлық өңіріндегі азаматтарына қолжетімді.

Бұл қызметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктерін және ыңғайын ескеріп, әзірлеген.

Өтініш беру үшін eGov Mobile қосымшасына кіріп, басты бетте аталған қызметті тауып, барлық қажетті дерек пен зардап шеккендер туралы ақпаратты толтырып, сауалнамадан өту қажет.

Су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініш
Су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініш. Скриншот: eGov mobile

Сондай-ақ өтініште банктік деректемелер, байланыс телефоны, төтенше жағдай болған мекенжай, уақытша тұрғын үйдің және залал келтірілген мүліктің болуы я болмауы әрі келтірілген залалдың сипаттамасы көрсетілуге тиіс.

Кейін сауалнамаға қол қойылады, одан соң оқиға болған ауданның жергілікті атқарушы органдарына өтініш беріледі. Еске салайық, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі апат болған жерде залалданған мүлікті бағалау жұмыстары жүргізіліп, қажетті қолдау көрсетілетінін хабарлаған болатын.

Осылайша бұл механизм барлық ақпаратты цифрландырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ведомство өкілдерінің сөзіне сенсек, eGov Mobile қосымшасын Play Market, App Store сынды тек ресми қосымшаларды жүктеуге арналған платформалардан жүктеп, пайдалану қажет. Осылайша үшінші тұлғалар жеке деректеріңізге қол жеткізе алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2087081-qazaqstanda-su-tasqynynan-zardap-sekkender-otemaqy-alu-usin-onlain-otinis-bere-ala-ma/

pixel