Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылдың жазында әуе билеттеріне сұраныс өте жоғары болады: сарапшылардың болжамы

Опубликовано:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әуе компанияларының басшылары 2024 жылдың жазында ұшу белсенділігінің рекордты деңгейге жететінін болжайды. Сондай-ақ олар бірінші кластағы билеттерге сұраныс айтарлықтай артады деп күтуде. Бұл туралы CNBC арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соңғы уақытта көптеген қауіпсіздік мәселелеріне байланысты әуе тасымалының саласы назарда болғанымен, әуе компанияларының басшылары әуе тасымалына сұраныс төмендеген жоқ дейді.

"Әуе компаниясы биыл саяхатшылардың рекордты санын тасымалдауға дайын отыр", - дейді United Airlines компаниясының бас коммерциялық директоры Эндрю Носелла.

Delta Air Lines компаниясы да халықаралық рейстерге сұраныстың әлі де жоғары екенін растады.

"2024 жылғы көктемгі-жазғы туристік маусым әуе компаниясына рекордтық сатылым әкелуі мүмкін", - деді Delta Air Lines бас директоры Эд Бастиан

Сарапшылардың айтуынша, тұрақты инфляция үй шаруашылықтарына қысым жасағанына қарамастан, әуе көлігіне сұраныс жоғары болып қалды. Әуе компаниялары сонымен қатар жанармай мен еңбек шығындарының жоғарылауымен бетпе-бет келіп отыр. Енді жаңа келісімшарттарға сай, компания ұшқыштар мен басқа да жұмыскерлерге көптеген жылдар бойы көтерілмеген жалақыны өсірмекші.

Дегенмен халықаралық саяхатқа сұраныс пен корпоративтік саяхаттардың қалпына келуі жаһандық тасымалдаушылардың өсуіне ықпал етті. Delta мен United-тің екінші тоқсандағы болжамдары Уолл-стрит болжамдарынан асып түсті. Клиенттер бірінші кластағы салонға және басқа да жайлылық үшін ақша төлеуге дайын, дейді компания басшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2087153-sarapsylar-2024-zyldyn-zazynda-aue-biletterine-rekordtyq-suranys-bolady-dep-bolzap-otyr/

pixel