Қазақстанда бір жылда бензин мен дизель отыны айтарлықтай қымбаттады
Жарияланған күні:
Соңғы бір жылда Қазақстанда автомобиль отынының бағасы айтарлықтай өсті: бензин 14 пайызға, дизель отыны 15 пайыздан астамға қымбаттады. Бағаның көтерілуі туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ мақаласынан оқыңыздар.
Бұған дейін Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын көтеру жоспарланып отырғанын айтқан болатынбыз. Алайда бұл тек шетелдіктерге қатысты.
Бұл ұсынысты Энергетика министрлігі жанармайдың бағасы қымбат тұратын көрші елдерге тасымалданатын "сұр" экспортты жеңу үшін жасаған еді. Сарапшылар бұл шешімді басқа елдерге отын ағыны мәселесін шешуге көмектеспейді деп сынап үлгерді.
Дегенмен автокөлік жанармайы соңғы бір жылда онсыз да қымбаттады. EnergyProm порталының хабарлауынша, наурыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда бензин орташа есеппен 13,6 пайызға, ал дизель отыны 15,1 пайызға қымбаттаған.
Салыстыру үшін: елдегі жалпы инфляция осы уақытқа дейін небәрі 9,1 пайызды құрады.
Баға ең көп өскен өңірлер
Өңірлер бойынша бензин бағасы ең жоғары Алматы қаласында тіркелді: 15,5 пайызға қымбаттады. Қарағанды – 14,2 пайыз және Атырау облысы – 14,1 пайыз. Ең аз өсім Шымкентте тіркелді – плюс 11,2 пайыз. Астанада бір жыл ішінде бағаның өсуі 14,1 пайызды құрады.
Сондай-ақ Алматы дизель бағасының өсуі бойынша көшбасшы атанды – бірден жылына плюс 28,3 пайыз. Одан кейін Қызылорда облысы – 27,6 пайыз, ал үшінші орында Жамбыл облысы – плюс 24,8 пайыз.
Бағаның ең аз өсуі Атырау облысында байқалды – бір жылда небәрі 1,1 пайызға көтерілген. Шымкентте дизель 22,4 пайызға, ал Астанада 7,1 пайызға қымбаттады.
Бұл ретте бірқатар өңірлерде дизель отынының бағасы бір жылда төмендеді: Ақмола (1 пайызға), Шығыс Қазақстан (1,4 пайызға ), Қостанай (6,6 пайызға ) және Ақтөбе (8,4 пайызға ).
Бағаның өзгеруін ескере отырып, Қазақстанда наурыз айында АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа құны 202 теңгені құрады. АИ-95/96 маркалы бензин литрі 252 теңге, АИ-98 287 теңге. Жазғы дизельдік отынның бір литрі орта есеппен 293 теңге, қысқы дизельдік отынның литрі 543 теңге тұрады.
Еске салайық, жанармай құнының күрт өсуі бір жыл бұрын мемлекет реттейтін мұнай өнімдерінің шекті бағасы көтерілгеннен кейін орын алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2087237-qazaqstanda-bir-zylda-benzin-men-dizel-otyny-aitarlyqtai-qymbattady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.