Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда МӘМС бойынша пайдаланылмаған ақшаны қайтаруға бола ма

Опубликовано:

Ақша және дәрі
Ақша және дәрі. Көрнекі сурет: Наталья Самбулова/Getty Images

МӘМС жүйесі қазақстандықтардың жеке шоттарына ақша бөлмейді. Сондықтан ол пайдаланылмаса да, төлеушілерге қайтарылмайды. Бірақ қате жарнадан бас тартуға болады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Медициналық қызметтердің кеңейтілген спектрін тегін алу үшін қазақстандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) қатысушысы болуы керек. Бұл үшін ол жарналарды өзі немесе жұмыс беруші төлеуі тиіс.

Бұл ретте, кейбір қазақстандықтар өздері төлейтін медициналық қызметтерді толық пайдалана бермейді. Алайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры айтқандай, МӘМС жүйесіндегі "пайдаланылмаған" төлемдерді қайтаруға немесе басқа тұлғаға аударуға болмайды.

Себебі жүйе қаражатты жеке бөлуді қарастырмайды. Барлық жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі бір шотқа жиналып, сол жерден барлық сақтандырылған азаматтардың медициналық қызметтерін төлеуге жіберіледі.

Дегенмен кейбір жағдайларда, мысалы, егер жарна қате төленсе, ақшаңызды қайтаруға болады.

Қайтару үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына e-Otinish электронды платформасы арқылы өтініш жолдап, төлемді растайтын құжаттарды қоса ұсыну қажет. Өтініш үлгісі қордың сайтында бар.

Бір қызығы, қате жарнаны басқа уақыт кезеңіне ауыстыруға болмайды. Алдымен сіз ақшаны қайтаруыңыз керек, содан кейін қайта төлеуіңіз қажет.

Осылайша, МӘМС жүйесіне төленетін жарналар мен аударымдар қанша сома төлейтініне қарамастан, барлық сақтандырылған азаматтарға ортақ. Бұл МӘМС бойынша бұрын медициналық қызмет алмаған азамат ақшасын қайтара алмайды деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2087765-qazaqstanda-mams-boiynsa-paidalanylmagan-aqsany-qaitaruga-bola-ma/

pixel