Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда баспананы ресімдеу кезінде ақшаны қалай үнемдеуге болады

Жарияланған күні:

Ақша және үйдің макеті
Ақша және үйдің макет. Көрнекі сурет: freepik.com

Әдетте қазақстандықтар тұрғын үй мәмілелерін жасау үшін нотариустың көмегіне жүгінеді, дегенмен мәмілені олардың қызметінсіз де ресімдеуге болады. Бұл ақша үнемдеуге көмектеседі. Мұны қалай дұрыс жасау керектігін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі, әдетте нотариустың қатысуымен жасалады, ол азаматтарға келісім жасауға көмектеседі, сонымен қатар мәмілені өзі тіркейді.

Алайда, "Крыша" порталы атап өткендей, қазақстандықтар нотариустың қызметінсіз-ақ барлығын өз бетімен ұйымдастыра алады. Осылайша 40 мың теңгеден астам қаражатты үнемдеуге болады.

Заңгерсіз тұрғын үй мәмілесін қалай жасауға болады

Сарапшылар атап өткендей, ҚР Азаматтық кодексі тұрғын үй мәмілелерін нотариат куәландырған және қарапайым жазбаша нысанда жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, сатып алу-сату шартын дұрыс ресімдеу және оны ХҚКО арқылы тіркеу. Бұл жағдайда ол адвокаттың көмегімен жасалған заңды күшке ие болады.

Шартта нені көрсету керек

  • Жылжымайтын мүліктің құнын – міндетті түрде нақты құнын санмен және сөзбен, теңге валютасын көрсете отырып жазу.
  • төлем мерзімі мен түрі. Мысалы, шарт жасалған күні немесе оны тіркегеннен кейін қолма-қол ақшамен немесе банктегі шотқа аудару арқылы.
  • нысанды беру шарттары – кілтті тапсыру және пәтерді немесе үйді босату күнін көрсету маңызды. Сондай-ақ сатушы уақытында босатпаған жағдайда айыппұл қарастыруға болады.
Қол алысу
Қол алысу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шарт жасағаннан кейін сатып алушы мен сатушы халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) келуі керек. Негізгі құжаттан басқа, мыналар болуы керек:

Сатылатын мүлікке құқық белгілейтін құжат және техникалық паспорт. Жер үй сатып алған жағдайда — мемлекеттік акт.

  • Сатушы мен сатып алушының жеке куәліктері.
  • Сатушы және/немесе сатып алушы некеде болса, жұбайының мәмілеге келісімі.

ХҚКО-ның қызметкері жасалған шарттағы қолдардың түпнұсқалығын және тараптардың әрекет қабілеттілігін тексереді. Содан кейін шарттың екі данасына тиісті белгі мен қол қояды.

Осыдан кейін сатып алушы сол қызметкерге жылжымайтын мүлікке меншік құқықты мемлекеттік тіркеуге өтініш береді. ҚҚС есебімен тіркеу құны:

  • пәтер, жер үй үшін — 1 448 тг.
  • жер телімі үшін — 1 263,04 тг.

Сатып алушы мемлекеттік баж салығын төлейді.

Тіркеу үш жұмыс күні ішінде жасалады. Екі сағатта дайын болатын жылдамдатуға тапсырыс бере аласыз, бірақ шамамен 5 мың теңге төлеуге тура келеді.

Мәміле жасау
Мәміле жасау. Көрнекі сурет: sukanya sitthikongsak/Getty Images

Осылайша 12 айлық есептік көрсеткішті (44 304 теңге) құрайтын сатып алу-сату шартын нотариалдық куәландыру бойынша қызмет көрсету құнын үнемдей аласыздар.

Алайда мұндай мәміле жасаудың кемшіліктері де жоқ емес. Шартты нотариус куәландырса, ол өз әрекеті үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәміле нотариуссыз жасалса, барлық жауапкершілік сатушы мен сатып алушыға жүктеледі.

Сонымен қатар нотариус жылжымайтын мүлікті сатып алу төлемінің куәгері ретінде әрекет етеді, кеңселерде әрқашан банкнот тексеретін және санайтын автомат болады.

Өзіңіз мәміле жасағанда бұл мәселені мұқият қарастыру қажет. Қолма-қол ақшаны төлеу кезінде куәгерлерді тартып, сатушыдан ақшаны алғанын растайтын қолхат жазуды сұраған дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2088038-qazaqstanda-baspana-alu-kezinde-aqsany-qalai-unemdeuge-bolady/