Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тағы да ТМД елдері арасында такси бағасы ең қымбат ел болды

Опубликовано:

Такси жүргізушісі
Такси жүргізушісі. Көрнекі сурет: pexels.com

Қазақстандағы такси қызметі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдердің ішіндегі ең қымбаты болып шықты. Такси бағасы бір жыл ішінде 12,3 пайызға өскен. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда такси саласы қоғамның жіті бақылауында. Оған себеп – бағасы. Естеріңізге сала кетейік, сарапшылар 2023 жылы такси қызметтерінің қымбаттауын бірнеше рет тіркеген болатын.

Айта кетерлігі, такси бағасының өсуі биыл да жалғасуда. Ranking.kz порталының мәліметінше, 2024 жылдың наурыз айының соңында ел бойынша орта есеппен айына 0,6пайызға және жылына 12,3 пайызға өсті.

Оның үстіне, бірқатар өңірде бағаның өсуі айтарлықтай байқалды. Мәселен, Алматыда такси қызметі бірден 40,6 пайызға қымбаттады. Одан кейінгі орында Ақтөбе облысында – 22,1 пайызға, ал Шымкент үшінші орынды иеленді– мұнда такси 16,9 пайызға қымбаттады.

Ең аз жылдық баға өсімі Маңғыстау облысында байқалды – 1,2 пайыз. Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында баға өткен жылғы деңгейде сақталып, Астанада 5 пайызға өскен.

Такси бағасының өсуі
Такси бағасының өсуі. Инфографика: ranking.kz

Бір қызығы, ай сайынғы динамика бойынша такси бағасының өсуі тек Алматы мен Астанада ғана тіркелді – 5 пайыз және 2 пайыз.

Басқа аймақтарда олар бір айда өзгерген жоқ. Алайда мұндай "баяулау" Қазақстанға такси қызметтерінің құны бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартуға көмектеспеді. Белгілі болғандай, еліміз ТМД елдерінің барлығын басып озып, 95 елдің ішінен 73-орынға тұрақтады.

16 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда бір километр шамамен 0,67 доллар тұрады, яғни сол кездегі бағам бойынша 300 теңгеден сәл артық.

ТМД-ның Қазақстанға ең жақын елі Әзербайжан болды (79-орын), мұнда таксидің бір шақырымының орташа құны 0,59 долларды құрады. Ресейде орташа баға 0,32 долларды (85-орын), Беларусьте – 0,31 долларды (87-орын), Армения, Украина және Өзбекстанда – шамамен 0,30 долларды құрайды (тиісінше 89, 91 және 93-орын).

Ал ең қымбат такси Швейцарияда – жол жүру километріне 4,39 доллар. Филиппиндегі ең арзан сапарлар бар болғаны 0,25 долларды құрайды.

Такси құны бойынша елдердің рейтингі.
Такси құны бойынша елдердің рейтингі. Инфографика: ranking.kz

Бір қызығы, Қазақстанда бағаның өсуі аясында жолаушылар саны азайған – 2024 жылдың бірінші тоқсанында тасымалдаушылардың қызметін 13,9 млн адам пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,9 пайызға аз. Алайда құндық мәнде керісінше – жылына 46,5 пайызға, 2 млрд теңгеге дейін өсу байқалады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2022 жылы да ТМД елдері арасында баға бойынша рейтингтің жоғарғы сатысында тұрған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2089562-qazaqstan-tagy-da-tmd-elderi-arasynda-taksi-quny-en-qymbat-el-boldy/

pixel