Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәтер құрылыс салушы уәде еткеннен кішірек болып шықты: ақшасы қайтарыла ма

Опубликовано:

Пәтер жоспары
Пәтер жоспары. Көрнекі сурет: alvarez/Getty Images

Жаңа үй сатып алғанда, оның аумағын шарт талаптарымен салыстыру керек.Дегенмен пәтер аумағы шартта көрсетілгеннен аз болса да, айырмашылық үшін ақша әзірге қайтарылмайды. Бірақ алдағы уақытта бұл өзгеруі мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстандықтар жаңа тұрғын үйді нысан салынып жатқан кезде үлестік құрылыс шартымен сатып ала алады (дәл осындай шарт жасалуы керек, ал қалған құжаттар құрылыстың аяқталуына кепілдік бермейді).

Әдетте бұл тиімді шешім, себебі бұл жағдайда пәтердің құны тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталғаннан кейін төмен болады.

Алайда құрылыс салушылар салынған тұрғын үй алаңының жобалық құжаттамадағы жалпы көлемнен 3 пайызға ауытқуына жол бере алады (көп пәтерлі үйлер салу кезінде нысанды пайдалануда жол берілетін шекті ауытқулар нормасы туралы қағидаларға сәйкес).

Сонымен бірге, депутаттық сауалда айтылғандай, жетіспейтін шаршы метрлердің ақшасы қайтарылмайды.

"Сіз бір шаршы метр құны 400 мың теңге немесе жалпы құны 24 миллион теңге болатын шарт бойынша ауданы 60 шаршы метр пәтер сатып алдыңыз делік, пәтердің көлемі 3 пайызға аз болып, небәрі 58,2 шаршы метрді құрауы мүмкін.

Құнның айырмашылығын құрылыс компаниясы өтемейді. Ал бұл шамамен 720 мың теңге", - деп атап өтті депутаттар.

Жетіспейтін шаршы метрге төлене ме

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабына сәйкес, егер салынған тұрғын үй алаңының ауытқу деңгейінің рұқсат етілген мәні асып кетсе, бұзушылық үшін құрылыс компаниясы жауапты болады.

Бұл тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттардың үлгілік нысанының талаптарында көзделген.

Осылайша, осындай шарттың 29-тармағына сәйкес, егер тұрғын үй алаңын 3 пайыздан астамға ұлғайтуға немесе азайтуға жол берілсе, уәкілетті компания жобалау-сметалық құжаттамадан және шарттан ауытқу үшін жауапты болады.

Төмен көрсеткіштер үшін өтемақы әлі қарастырылмаған. Алайда бұл болашақта түзетілуі мүмкін.

"Сонымен қатар азаматтар тарапынан және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін шағымдарды ескере отырып, аталған Қағидаларға тиісті шартта көзделгеннен аз алаңдағы жылжымайтын мүлікті алу кезінде сатып алушылардың қаражатын қайтару мүмкіндігін көздейтін қажетті түзетулер енгізіледі", - делінген депутаттық сауалға берілген жауапта.

Бұған дейін біз Қазақстанда үлескерлерден қаражат тарту үшін лицензиясыз жүздеген үйлер қалай салынып жатқаны туралы айтқан болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2090126-pater-qurylys-salushy-uade-etkennen-kishirek-bolyp-shyqty-aqshasy-qaitaryla-ma/

pixel