Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Норвегиялық мұнай қорының басшысы "Еуропаның еңбекқорлығы АҚШ-қа қарағанда төмен" деп санайтынын айтты

Опубликовано:

Доллар және евро
Доллар және евро. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Норвегиялық мұнай қорының басшысы Николай Танген АҚШ пен Еуропа елдерінің экономикасының дамуындағы алшақтық жыл сайын артып келе жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құны 1,6 триллион долларды құрайтын Norges Bank Investment Management қорының атқарушы директоры Николас Танген АҚШ пен Еуропаны салыстырды. Оның айтуынша, америкалық компаниялар инновациялар мен технологиялар бойынша еуропалық әріптестерін басып озып жатыр және соның арқасында соңғы онжылдықта АҚШ акциялары қатты өскен.

Сондай-ақ Николас Танген Еуропа АҚШ-пен салыстырғанда еңбекқорлығы төмен, амбициясы аз, деп есептейді. Оның пікірінше, Еуропада инвесторлар тәуекелге көбірек ұшырайды.

"Еуропада қателіктерін мойындау және тәуекелге бару тұрғысынан ойлау проблемасы бар. Егер Америкада банкротқа ұшырасаңыз, сізде тағы бір мүмкіндік болады.

Ал Еуропада сіз енді қайтіп тырыспайсыз. Мұның бәрі амбицияның жалпы деңгейіне қатысты. Еуропалықтардың амбициясы жеткіліксіз. Әрине, бұл жерде жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігі мәселесі болуы мүмкін, дегенмен америкалықтар көбірек жұмыс істейді", - деді Танген.

Norges Bank Investment Management мұнай қоры – әлемдегі барлық компаниялардың 1,5 пайызын және еуропалық акциялардың 2,5 пайызын иеленетін әлемдегі ең ірі инвесторлардың бірі.

Соңғы онжылдықта қордың активтері АҚШ-та көбейіп, Еуропада азайған. АҚШ акциялары қордың жалпы активтерінің жартысына жуығын құрайды, бұл 2013 жылғы 32 пайыздан жоғары. Сонымен бірге, Ұлыбритания компаниялары он жыл бұрын қор портфелінің 15 пайызын құраса, өткен жылы небәрі 6 пайызын құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2091305-norvegiialyq-munai-qorynyng-basshysy-europanyng-engbekqorlygy-aqsh-qa-qaraganda-tomen-dep-sanaitynyn-aitty/

pixel