Қазақстанда ЭЦҚ форматы өзгерді: оны қайта алу қажет пе
Жарияланған күні:
Қазақстан екі файлдың орнына бір файлдан тұратын жаңа форматтағы ЭЦҚ-ға көшті. Бұрынғысы мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) адамның шынайы қолтаңбасы ретінде әрекет етеді және мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алу үшін қолданылады. Мысалы, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушылардың біріне аудару, жеңілдетілген ипотекаға өтінім беру және т.б. үшін электрондық қолтаңба қажет.
Бұл ретте ҚР Ұлттық куәландыру орталығы (ҚР ҰКО) ЭЦҚ жұмысын оңтайландыруға арналған түрлі тетік әзірлеуде. Бұл жаңашылдықтардың бірі қолданысқа еніп үлгерді және электрондық цифрлық қолтаңба форматының өзгеруімен байланысты.
Бұрын қазақстандықтар ЭЦҚ-ға өтініш бергенде екі кілт алатын:
- AUTH RSA – пайдаланушының авторизациясы үшін;
- RSA – алынған қызметке қол қою үшін.
Ал қазір ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартқа көшті.
Журналистер жаңашылдықты тексеріп, екі кілттің орнына (AUTH RSA және RSA) азаматтар енді тек біреуін ғана – GOST-ты қолдана алатындарын анықтады. Оның көмегімен мемлекеттік қызметтерге кіруге де, қол қоюға да болады.
Жаңа ЭЦҚ-ны тіркеу бұрынғы алгоритм бойынша жүреді. Яғни "Электрондық үкімет" порталындағы "Электрондық қолтаңбаны қашықтан алу" қызметіне тапсырыс беру арқылы да жаңа қолтаңбаны онлайн жүктеп алуға болады.
Айта кетерлігі, жарамды кілттері бар қазақстандықтар GOST форматындағы ЭЦҚ беруге асықпаса да болады – ескі ЭЦҚ жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс істейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2093231-qazaqstanda-etsq-formaty-ozgerdi-ony-qaita-alu-qazhet-pe/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.