Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2030 жылға дейін Қазақстанда қандай мамандықтар сұраныста болады

Опубликовано:

Мұғалім
Мұғалім. Көрнекі сурет: pixabay.com

2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда мұғалімдерге, бухгалтерлерге, жүргізушілер мен басқа да мамандарға сұраныс жоғары болады. Сұранысқа ие тізімде қандай мамандықтар бар екенін KAZ.NUR.KZ анықтады.

Кейбір мамандықтар еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін. Мысалы, бұған дейін Қазақстанда дәрігерлердің тапшы екені белгілі болды. Сондықтан жұмыс берушілер жас мамандарды өз ауруханасына тарту үшін бір-бірімен бәсекелесуге мәжбүр.

Мұғалімдерге де сұраныс бар. Мысалы, сарапшылар тек 2024 жылы елге білім беру саласынан 364 мыңға жуық маман қажет болады деп санайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, бұл қажеттілік тек арта береді.

2030 жылға дейін ең көп сұранысқа ие 25 мамандыққа бірден алты педагогикалық бағыт кірді:

  • әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 35 мың адам;
  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиешілер – 32 мың адам;
  • жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 31 мың адам;
  • бастауыш мектеп мұғалімдері – 26 мың адам;
  • орта мектептің басқа мұғалімдері – 16 мың адам;
  • математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 12 мың адам.

Жалпы алғанда, мұғалімдерден басқа келесі мамандықтар дасұранысқа ие:

  • бухгалтерлер – 2030 жылға дейін 93 мың маман;
  • күзетшілер және инкассаторлар – 77 мың адам;
  • дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 77 мың адам;
  • жүргізушілер – 44 мың адам. Айта кету керек, бұл мамандыққа сұраныс қазірдің өзінде арта бастады;
  • орта медициналық персонал – 33 мың адам.

Сондай-ақ сантехниктер, дәнекерлеушілер, құрылысшылар және фермерлер сияқты жұмысшы мамандықтар да сұраныста екені белгілі болды.

Жалпы алғанда, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшыларының болжамына сәйкес, жаңа жалдамалы қызметкерлерге сұраныс (оның ішінде жаңа сұраныс пен ауыстыру бойынша сұраныс) 7 жыл ішінде еңбек нарығындағы жағдайдың дамуына байланысты жиынтығында 1,2 млн-нан 2,2 млн-ға дейінгі адамды құрауы мүмкін. Базалық болжамда 1,9 млн маманға қажеттілік күтілуде.

Дегенмен қарапайым азаматтар үшін жұмыс берушілердің мұндай сұранысқа қажеттілігінен гөрі лайықты жалақы төлеуге қаншалықты дайын екендігі маңызды.

Бұған дейін сарапшылар қазақстандықтардың орташа есеппен қандай жалақы алғысы келетінін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2093258-2030-zhylga-deiin-qazaqstanda-qandai-mamandyqtar-suranysta-bolady/