Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық электромобиль өндірушілері Еуропаға ағылуда: баж салығын көтеру ұсынылды

Опубликовано:

Евро
Евро. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарапшылардың талдауына сәйкес, Еуропалық Одақ арзан қытайлық электрмобильдердің ағынын тоқтату үшін тарифтік төлемді 50 пайызға көтеруі керек. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Financial Times сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Брюссельдің қытайлық электрмобиль өндірушілеріне бөлінетін субсидияларға қарсы ауқымды тергеуі бірнеше апта ішінде аяқталады деп күтілуде. Rhodium Group зерттеушілерінің пікірінше, кез келген жазалау шаралары қытайлық автомобиль өндірушілерді ұстап тұру үшін тым әлсіз болуы мүмкін.

"Біз Еуропалық комиссия 15-30 пайыз аралығында баж салығын енгізеді деп күтеміз. Бірақ олар жоғары шегіне жетсе де, кейбір қытайлық өндірушілер баға басымдығының арқасында Еуропаға автомобиль экспорттаудан жақсы пайда табуын жалғастырады", - делінген есепте.

Олардың мәліметтері бойынша, жоғары баж салығы енгізілген жағдайда ғана Қытай автомобиль өндірушілерінің арасында еуропалық нарық соншалықты тартымды болмайды. Қазіргі уақытта көптеген компания ЕО аумағында жоғары тарифтерді саналы түрде енгізуде.

Мысалы, BYD компаниясының Seal U автокөлігі Қытайда 20 500 еуроға, ал ЕО-да 42 000 еуроға сатылады. Болжамды пайда тиісінше 1300 және 14 300 евроны құрайды, бұл экспорттауға күшті серпін береді. Дегенмен ЕО-ның баж салығы небәрі 10 пайызды құрайды.

"Біздің есептеулеріміз бойынша, 30 пайыздық тариф әлі де компанияларға ЕО-да Қытайға қарағанда 15 пайыз көбірек табыс табуға көмектеседі, яғни Еуропаға көлік экспорттау бұрынғысынша өзекті болып қала бермек", - деді Rhodium.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2093306-qytailyq-elektromobil-ondirushileri-europaga-agyluda-bazh-salygyn-koteru-usynyldy/