Қазақстанда жерлеу қызметі қымбаттады
Жарияланған күні:
Соңғы бір жылда Қазақстанда жерлеу қызметінің орташа құны 13 пайызға өсті. Дегенмен олардың қызметін алуға жүгінгендер қарасы азайды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.
Қазақстандық ақылы қызмет көрсету саласында баға бір жылда орта есеппен 13,2 пайызға өсті. Бұл өсім негізінен коммуналдық қызметтер бағасының өсуімен байланысты.
Дегенмен олар үшін ғана емес, мысалы, жерлеу ұйымдарының қызметтері үшін де баға өсті. Finprom мәліметтері бойынша, 2024 жылдың наурыз айының соңында жерлеу қызметтері айына 0,1 пайызға және өткен жылдың өзінде бағаның 24,6 пайызға өскеніне қарамастан, жылына тағы да 13 пайызға өсті.
Дегенмен еліміздің жеті облысында баға мүлдем өзгермегенін айта кеткен жөн. Жерлеу рәсімі Батыс Қазақстан облысында бір жылда 39,4 пайызға қымбаттады. Одан кейінгі орында Абай және Астана облыстары: 30,5 және 30,3 пайызға өсті.
Жерлеу қызметтері ең аз қымбаттаған өңірлер – Жамбыл облысы мен Алматы: 1,2 және 1,7 пайыза өскен. Шымкентте бір жылда баға 10,1 пайызға өсті.
Бір қызығы, бағаның көтерілу себептерінің бірі – әдетте сұраныстың артуы. Дегенмен, сарапшылардың пайымдауынша, елдегі өлім-жітім соңғы бір жылда 3 пайызға, жерлеу қызметтерінің жалпы көлемі 43 пайызға азайған.
Естеріңізге сала кетейік, кейбір жағдайларда мемлекет қайтыс болған адамның жерлеуге қатысқан туыстарына жерлеу ақысын тағайындауы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2094059-qazaqstanda-zherleu-qyzmeti-qymbattady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.