Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарызы көп қазақстандықтарға автонесие алуға рұқсат берілуі мүмкін

Опубликовано:

Автокөлік сатып алу
Автокөлік сатып алу. Көрнекі фото: Jinda Noipho/Getty Images

Егер қарыз алушының қарызы тым көп болса, оған жаңа несие берілмеуі мүмкін. Дегенмен қазір автокөлікті несиеге рәсімдегенде мұндай талапты алып тастау қарастырылып жатыр. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

Қазақстан халықтың қарыз ауыртпалығымен белсенді күресуде. Мысалы, несие беру кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігі тексеріледі – егер оның қарыздары бар екендігі және жаңа несиені төлей алмайтыны анықталса, оған жаңа несие берілмейді.

Дегенмен елдегі қарызды азайту жұмыстары мұнымен бітпейді. Бұған дейін біз банктер мен микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) несие бойынша ай сайынғы төлем қарыз алушының ресми табысының жартысынан аспауы туралы міндеттеме қойылғанын айтқан болатынбыз.

Сонымен қатар қазір Қазақстанда бұл ережелерге ерекшелік енгізгілері келеді. Атап айтқанда, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ашық НҚА" порталында қаулы жобасын жариялады. Оған сәйкес банктер мен МҚҰ қарыз алушыларға автонесие беру кезінде борыштық жүктеме коэффициентін есепке алмайды.

Алайда мұндай шарт қарыз бойынша кепіл болатын жаңа автомобильдерге ғана қатысты. Сондай-ақ ол уақытша – 2024 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында енгізіледі деп жоспарлануда.

Бұл жаңашылдықтардың мақсаты – отандық автомобиль өнеркәсібінің дамуын, сондай-ақ жеңілдетілген несиелеу шарттары шеңберінде іске асырылатын автомобильдерді сатуды қолдау және ынталандыру.

"Автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген қарыздар дефолт ықтималдығына және автонесиені/микронесиені қайтармау тәуекеліне аз ұшырайды, себебі мерзімі өткен берешек кепілде тұрған автокөлік құралын сату арқылы өтеледі", - делінген жобада.

Яғни егер қаулы күшіне енсе, онда қазақстандықтар борыштық жүктемесі тым жоғары болса да және жаңа қарыз олардың төлем қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін болса да, автонесие ресімдей алады.

Жоба қазір 2024 жылдың 15 мамырына дейін жалғасатын қоғамдық талқылау сатысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2094935-qaryzy-kop-qazaqstandyqtarga-avtonesie-aluga-ruqsat-berilui-mumkin/

pixel