Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күтінуге қанша ақша керек: Қазақстанда жеке гигиена заттары қымбаттады

Жарияланған күні:

Бетіне маска жасап жатқан қыз
Бетіне маска жасап жатқан қыз: freepik.com

2024 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жеке гигиена тауарлары бір жылда 9,9 пайызға қымбаттады. Қатты қымбаттағаны дезодорант болды, оның орташа бағасы 15 пайызға өсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда наурыз айының қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бір жылда 8,2 пайызға қымбаттады. Алайда кейбір санаттарда бағаның өсу қарқыны жоғары болды.

Мысалы, Energyprom порталы хабарлағандай, жеке гигиена тауарлары бір жыл ішінде орташа есеппен 9,9 пайызға қымбаттады.

Қандай заттар қымбаттады

Ең көп қымбаттағаны дезодорант болды: баға бірден 15 пайызға өсті. Душқа арналған гель – 12,8 пайызға, ал қолға жағатын крем бағасы 12,6 пайызға артты.

Сондай-ақ тіс пасталары (11,8 пайызға), сусабын (11,1 пайызға), иіссабын (10,6 пайызға), көбік пен қырыну гелі (10,5 пайызға), шаш бояуы (10,3 пайызға) және тіс щеткалары (9,7 пайызға) айтарлықтай қымбаттады.

Ұстара да азық-түлікке жатпайтын тауарлар сияқты қымбаттады, яғни жылына 8,2 пайызға, ал бетке жағатын крем және нәрестеге арналған сабындардың бағасы айтарлықтай төмен өсті: 7 пайызға және 4,7 пайызға.

Бір қызығы, гигиена және күтім тауарлары Солтүстік Қазақстан облысында 16,6 пайызға қатты қымбаттады. Екінші орында 14,5 пайыз өсіммен Жамбыл облысы, ал үшінші орында 14,2 пайыз өсіммен Алматы облысы.

Жеке гигиена тауарлары
Жеке гигиена тауарларының баға өсімі. Инфографика: energyprom.kz

Айта кетерлігі, Қазақстандағы жеке гигиена тауарларының нарығы толығымен дерлік шетелдіктердің еншісінде. Сарапшылар атап өткендей, жергілікті өндіріс саладағы өнімдердің кез келген санатын дерлік көтере алмайды, ал кей жерлерде ол мүлдем жоқ.

Мұндай жағдай азық-түлікке жатпайтын тауарлар саласында ғана орын алып отырған жоқ. Қазақстан кейбір азық-түлік өнімдері, соның ішінде қант жеткізу бойынша да импортқа тәуелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2094950-sulu-bolu-ushin-de-aqsha-kerek-qazaqstanda-zheke-gigiena-zattary-qymbattady/