Байжановтың адвокаты Нұрсұлтан Назарбаевты да "сотқа тартуды" ұсынды
Жарияланған күні:
Сот жарыссөзінде Бақытжан Байжановтың адвокаты Әлібек Секеров "елдің бұрынғы бірінші басшысын" да сотқа тартуды ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Адвокат қоғамдағы наразылық салдарынан "кінәсіз адамды соттауға болмайтынын" айтты.
"Бұл жерде сырлаушы да, әкімші де кінәлі деп есептейтін болсақ, онда елдің бұрынғы бірінші басшысын (Нұрсұлтан Назарбаев – ред. ескертпесі) да сотталушылармен бір қатарға отырғызайық. Бұл қалай болды? Не үшін болды? Неліктен қазір осындай жағдай болып жатыр? Әріптесім Вранчевтің кейбір шенеуніктерге қатысты айтқан (жәбірленуші тараптың адвокаты – ред. ескертпесі) пікірімен келісемін", - деді адвокат.
Еске салсақ, кеше жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев жарыссөз кезінде Бишімбаевты "элиталық паразит" деп атап, "қоғамның паразит бөлігі қай кезеңде қандай жолмен министр немесе ірі кәсіпкер болғанын білетінін" айтқан еді.
"Бишімбаевты кінәлі деп танып, оны ешқашан бостандыққа шықпайтындай дұрыс шешім қабылдау арқылы Қазақстанды элиталық паразиттерден босатасыздар. Өйткені соның салдарынан еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 30 жыл бойы алға жылжыған жоқ", - деді Вранчев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2095562-baizhanovtyng-advokaty-nursultan-nazarbaevty-da-sotqa-tartudy-usyndy/