Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан шекарасынан қанша жаңа смартфонды тегін өткізуге болады

Жарияланған күні:

Смартфондар
Смартфондар. Көрнекі сурет: pexels.com

Екі жаңа смартфонды жеке пайдалану мақсатында Қазақстан шекарасынан өткізуге болады. Ал баж салығын төлемеу үшін олардың құны 500 еуродан аспауы керек. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

1 сәуірге дейін Қазақстанда және Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерінде жеке пайдалану үшін шетелдік тауарларды бажсыз әкелу үшін жоғары кедендік шектер қолданылды.

Алайда қазір тауарларды тегін тасымалдаудың бұрынғы шегі қолданылады:

  • тасымалдаушы немесе пошта арқылы жеткізілетін тауарлар үшін – құны 200 еуроға дейін және/немесе салмағы 31 килограмнан аспайтын;
  • багаж ретінде әкелінетін тауарлар үшін (әуе тасымалын есептемегенде) – құны 500 еуроға дейін және/немесе салмағы 25 килограмнан аспайтын.

Бұл ретте, Мемлекеттік кірістер комитетінде атап өткендей, жеке қажеттіліктері үшін жүктерді тасымалдайтын жеке тұлғаларға мынадай сандық шектеулер қолданылады:

  • аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
  • ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2 (екі) бірлік;
  • планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
  • портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;
  • зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
  • велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;
  • бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

Бір ай ішінде тауарларды бұл саннан асыруға болмайтынын ескеру маңызды. Яғни бұл жеке пайдалану үшін шекарадан өткізуге болатын тауарлардың рұқсат етілген ең көп саны.

Бұл көрсеткіштер пайдаланылған тауарларға қолданылмайтынын еске саламыз.

Яғни жүктегі екі жаңа смартфон рұқсат етілген шекті мәннен асып кетсе, онда олардың иесі мемлекеттік баж төлеуге мәжбүр болады. Көптеген смартфон үлгілерінің құны 500 еуродан асатынын ескерсек, бюджеттік сегменттен ең көбі екі ұялы телефонды тегін өткізуге болады.

Егер бажсыз әкелу шегі асып кетсе, онда иесі еріп жүретін немесе алып жүрмейтін багажбен (әуе тасымалын есепке алмағанда) әкелінетін тауарлар құнының 30 пайызын, бірақ асып кету бөлігінде салмағының 1 килограмы үшін кемінде 4 еуро төлеуі тиіс.

Тасымалдаушымен немесе поштамен жеткізілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны асып кетсе, онда бағаның 15 пайызы құндық нормадан асып кету бөлігінде төлейді, бірақ салмақ нормсынан асып кету бөлігінде салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 2 еуро төлейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін сарапшылар пікір білдіріп, тым жоғары нормалар отандық бизнестің дамуына кедергі келтіргендіктен, бұрынғы шекті мәндерге қайта оралу қажет екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2096132-qazaqstan-shekarasynan-qansha-zhanga-smartfondy-tegin-otkizuge-bolady/